АСЫЛҒАЗЫ Мейрам (7.11.1948. Павлодар обл. Екібастұз ауд. Ақкөл а. - 20.3.1999. Алматы) -
жазу-шы. ҚазҰУ-ды бітірген. 1978 жылға дейін Павлодар обл. "Қызыл Ту" (қазіргі "Сарыарқа
самалы") газетінде қызмет істеді. 1978 - 91 ж. "Жалын" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі,
1991 - 95 ж. "Өнер" баспасьшда бас редактор қызметтерін атқарған. 1997 - 98 ж. "Жібек жолы" баспа
үйінде қызмет еткен. Алғашқы әңгімесі "Балалар балалық жасапты" 1978 ж. "Жалын" альманағында
жарияланды. Алғашқы әңгімелер жинағы"Ауылдастар" 1980ж. жарық көрді. Кейін "Өзгеше бір
күн" повестермен әңгімелер жинағы жарыққа шықты (1986).