Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет175/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   677
ӘДЕБИЕТ АЙДЫНЫ - апталық әдеби. мәдени газет. 2005 жылдың 17 ақпанынан бастап жарық 
көре бастады. Бас редакторы - Т.Ахметжан. Аптасына бір рет шығып тұрады. Көлемі 12 бет, 5000 
данамен таралады.   
ӘДЕБИЕТ  ЖӘНЕ  ӨНЕР  ИНСТИТУТЫ,  М.О. Әуезов атынд.  -ғылыми зерттеу мекемесі. 
1933  ж.  11  қарашада  ғыл.-зерт.  ин-ты  болып  құрылды.  1934  ж.  КСРО  ҒА-ның  Қазақ 
филиалының  Тіл  және  әдебиет  секторы,  1945  ж.  Тіл  және  әдебиет  ин-ты  (1946  ж.  ҚР  ҰҒА 
құрамында)  болып  жұмыс  істеді.  1961  ж.  6  мамырында  Ә.  және  ө.  и.  болып  құрылып,  сол 
жылғы  маусымда  М.О.  Әуезов  есімі  берілді.  1963  ж.  ин-т  құрамында  ғыл.  бөлім  ретінде 
Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды. Ин-та 11 бөлім: фольклор, ежелгі әдебиет, 
Абайтану  және  жаңа  әдебиет,  қазіргі  әдебиет,  әдебиет  теориясы  және  әдебиеттану 
методологиясы,  әлем  әдебиеті  және  халықаралыққатынастар.театр,  бей-нелеу  өнері,  музыка, 
қолжазба және текстология бөлімдері, "Әуезов үйі" ғыл.-мәдени орталығы жұмыс істейді. Ин-т 
көне  заманнан  бүгінге  дейінгі  қазақ  әдебиеті  мен  өнерінің  тарихын,  әдебиет  пен  өнер 
теориясын, қазақ әдебиетінің шет елдер әдебиетімен байланыстарын зерттеп, қолжазбаларға 
ғылыми  талдау  жасап,  текстологиялық  жұмыстар  жүргізеді.  Ин-ттың  қолжазба  және 
текстология  бөлімінде  қазақ  фольклорының  көлемі  үлкен  және  шағын  екі  жүз  мыңға  жуық 
нұсқасы  сақталған.  Ин-т  осы  мұралар  негізінде    "Қазақ  халық  әдебиеті"  айдарымен  қазақ 
фольклорының 17 томын дайындап шығарды. Қазақ фолькло-ры мен әдебиетінің және өнерінің 
тарихы  мен  түрлі  мәселелері  туралы  жүздеген  монографиялық  еңбектер,  шығармалар 
жинақтары  жарық  көрді.  Ә.  және  ө  и-ның  ірі  табысы  -  алты  кітаптан  тұратын  үш  томдық 
"Қазақ  әдебиетінің  тарихында"  (1960  -  67)  халық  ауыз  әдебиетінен  бастап,  қазіргі  қазақ 
әдебиетіне дейінгі кезеңдері жан-жақты зерттелді, 1968 - 79 ж. бұл еңбек 3 том болып, орыс 
тілінде жарық көрді. 20 ғ-дағы қазақ әдебиеті жаңаша пайымдалған "20-30-жылдардағы қазақ 
әдебиеті", "40-50 және 60-жылдардағы қазақ әдебиеті" монографиялық еңбектер (1997-1998), 
қазақ өнерінің түрлі салаларын қамтыған "Қазақ театрының тарихы" (2 том, 1975-78), "Қазақ 
музыкалық  фольклоры"  (1982),  "Қазақ  бейнелеу  өнері  тарихының  очерктері"  (1974),  "Қазақ 
қолжазбаларының ғыл. сипаттамасының" 7 томы, "Дала уәлаятының газеті" атты бес кітаптан 
тұратын әдеби нұсқалар жинағы жарық көрді. Ин-т ғалымдары М.Әуезовтің VI томдық(1967 - 
69)  және20томдық  (1979  -  85)  шығармалар  жинақтарын  бастырып  шығарды,  1997  ж.  50 
томдық  жинағын  дайындау  қолға  алынып,  2005  жылға  дейін  18  томы  басылып  шықты. 
С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  Б.Майлиндердің  5  томдық  шығармалар  жинақтары  екі  рет, 
халқымен  ин-т  ғалымдарының  қажырлы  еңбектері  арқасында  халқымен  қайта  қауышқан 
Шәкерім,  А.Байтұрсынов  кітаптары,  М.Жұмабаевтың  3  томдық,  М.Дулатов  және 
Ж.Аймауытовтың 5 томдық жинақтары жарық көріп, олар туралы зерттеулер жазылды. Абай 
мен Жамбылдың екі томдық академиялық  жинақтарының жаңа  басылымдары жарық көрді. 
Ин-т  ЮНЕСКО  көлемінде  аталып  өткен  Абайдың  150.  М.Әуезовтің  100  жылдық 
мерейтойларына 
арналған 
ҚР 
ҰҒА 
мерекелік 
сессиялары 
мен 
халықаралық 
конференцияларын  ұйымдастырды.  Қазір  ин-т  "Мәдени  мұра"  мемлекеттік  бағдарламасы 
бойынша  10  томдық  "Қазақ  әдебиеті  тарихын"  жазып,  5  томдық  "Қазақ  музыкасының 
антологиясы" мен 100 томдық "Бабалар сөзі" қазақ фольклоры жинағын құрастыру үстінде. 
Көне заманнан қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтитын 3 томдық "Қазақстан өнерінің тарихы" 
алғаш  рет  зерттелуде.  "Асулар  алда"  монографиясы  үшін  академик  М.Қаратаев  (1974), 
"Қазақтың  ертегіден  тыс  прозасы"  монографиясы  үшін  академик  С.Қасқабасов  (1992)  және 
Абайдың  шығарм.  мұрасын  басып шығару  мен  ғыл.  зерттеудегі  еңбектері  үшін академиктер 
З.Ахметов,  С.Дирабаев,  филол.  ғыл.  докт.  Ж.Ысмағұлов,  проф.  К.Мұхамедханов  (1996), 
"Мағжан" зерттеу кітабы үшін филол. ғыл. докт.,проф. Ш.Елеукенов (1998) Қазақстан Мемл. 
сыйлығына  ие  болды.  Ин-тта  әр  жылдары  академиктер  Әуезов,  Ахметов,  А.Жұбанов, 
К..Жұмалиев,  М.С.Сильченко,  М.Ғабдуллин,  Қаратаев,  Қазақстан  ҒА  корр.-мүшелері 
Ә.Дербісәлин,  Ы.Дүйсенбаев,  Б.Г.Ерзакович,  Е.В.Лизунова,  Н.С.Смирнова,  Ш.Қ.Сәтбаева, 
Ә.Шәріпов, Е.Ысмайылов, филол. ғыл. докторлары М.Базарбаев, М.Дүйсенов, Б.Уахатов және 
т.б. көрнекті ғалымдар қызмет етті. Қазір ин-та ҚР ҰҒА академиктері Қасқабасов, Қирабаев, 
Қ.Т.  Телжанов,  12  ғылым  докторы  мен  34  ғылым  кандидаты  еңбек  етеді  (2005).  Ин-т  ТМД 


елдерімен,  Қытай,  Моңғолия,  Түркия,  Иран,  Пәкстанмен  ғыл.  байланыстар  орнатқан.  Ин-тга 
аспирантура  мен  докторантура  жұмыс  істейді.  Ин-тың  әдебиеттану,  фольклортану  және 
өнертану  салаларындағы  диссертациялық  кеңестері  фольклор.  қазақ  әдебиеті,  алыс  және 
жақын шетел әдебиеті, музыка, театр және бейнелеу өнері мамандықгары бойынша Қазақстан
Орталық  Азия  елдері,  Кавказ  бен  Еділ  бойы,  Сібір  мен  Саха-Якутия  Республикалары  үшін 
көптеген ғылыми мамандар даярлады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет