Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет210/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   677
ӘЛІМБАЕВ  Мұзафар  (29.10.1923  ж.т.,  Павлодар  обл.  Шарбақты  ауд.  Маралды  а.)  -  ақын. 
Қазақстанның  халық  жазушысы  (1994),  Қазақстанның  еңб.  сің.  мәдениет  қызметкері  (1978). 
2-дүниежүз.  соғысқа  қатысқан.  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1965).  1948-  58  ж.  "Пионер"  (қазіргі  "Ақ 
желкен")  журналында,  "Қазақ  әдебиеті"  газетінде  бөлім  меңгерушісі,  бас  редактордың 
орынбасары,  1958  -  1986  ж.  "Балдырған"  журналының  бас  редакторы  болды.  Тұңғыш  өлеңі 
"Қызыл ту" газетінде басылды (1939), соғыс жылдарында майдан газеттерінде көптеген өлеңдері 
жарияланды. Алғашқы жинағы "Қарағанды жырлары" 1952 ж. жарық көрді. Ә-тың 300-дей өлеңіне 
ән жазылған, бірнеше ән кітаптары шыққан. "Менің ойыншығым" (1953), "Отпен ойнама" (1959), 
"Орақ-олақ"  (1962),  "Шынықсаң  -  шымыр  боларсың"  (1977),  т.б.  кітаптары  қазақ  балалар 
әдебиетіне  қосылған  елеулі  үлес  болды.  Ә.  мақал-мәтелдерді  жинау,  зерттеу,  басқа  халықтар 
мақалдарын  қазақ  тіліне  аудару  жұмыстарымен  де  айналысып  келеді:  "666  мақал  мен  мәтел" 


(1960),  "Мақал - сөздің мәйегі" (1963), "Өрнекті сөз - ортақ қазына" (1967), "Мақалнама" (1970), 
"Маржан сөз" (1982), "Нақылдар" (1998), "Батамен еркөгерер" (1996), "Халық - ғажап тәлімгер" 
(1994), "Нақылдың төркіннамасы" (1996), т.б. жинақгар мен зерттеу еңбектері бар. Сын-зерттеу 
саласында  "Қалам  қайраты"  (1976),  "Көңіл  күнделігінен"  (1980),  "Өмір,  өнер,  өнерпаз"  (1990), 
"Толқыннан  толқын  туады"  (1992),  "Көңіл  күнделігі"  (1996),  "Көргендерім  көңілде",  (1992) 
еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ә-тың 
өлеңдері 38 тілге аударылған. Қазақстанның Мемл. сыйл. (1984),    Жазушылар одағы "Алаш" сыйл. 
(1992), Жамбыл атынд. халықар. сыйл. лауреаты (1996), Ы.Алтынсарин атынд. медальдың иегері 
(1993), "Құрмет" орденімен марапатталған(1995). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет