Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет208/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   677
ӘЛІБЕКОВ  Шамшат Аужанұлы (12.2.1928, Қызылорда обл. Кармақшы ауд. Қармақшы а)  - 
ғалым.  филол.ғыл.докт.  (1994).  Қызылорда  пед.  ин-тын  бітірген  (1949).  1949  -1958  ж. 
Қызылорда  обл.  Жалағаш  ауд.  мектеп  директоры.  Шымкент  пед.  ин-тында  доцент.  1977 
жылдан ҚазҰПУ-да ұстаздық қызметте. 
"ӘЛІМ" - дастан. Авторы Досымхан Төлебаев туралы ешбір дерек жоқ. Он бір буынды қара 
өлең  үлгісімен  жазылған  дастан  бір-бірін  сүйген  екі  жастың  махаббаты  туралы. 
Шығармадағы оқиға ақ  пен қызыл боп шайқасқан азамат  соғысы кезінде болады да. Баттал 
деген байдың қызы Рәзияның кедей баласы Әлім аралығындағы махаббат иірімдері арқылы 
өрбиді.  Дастан  Баттал  байдың  опасыздығы  нәтижесінде  екі  жастың  өлімімен  аянышты 
аяқталады.  Жыр  идеясы  сүйгеніне  қосыла  алмаған  қыз  тағдыры  арқылы  әйел  теңдігі 
мәселесін  көтеріп,  жастарды  өз  теңіне  қосу.  Дастан  толық  емес,  бүрын  еш  жерде 
жарияланбаған, түпнұсқасы Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы. 
ӘЛІМ Қайсар (9.1.1947 ж.т.. Қостанай обл. Жанкелдин ауд. Саға а.) -жазушы. 1971 ж. Жамбыл 
жеңіл  және  тамақ  өнеркәсібі  ин-тының  Алматы  филиалын,  1984  ж.  Алматы  Жоғары  партия 
мектебінің журналистика бөлімін тәмамдады. 1969 ж. Қостанай обл. "Коммунизм таңы" газетіне 
жұмысқа шақырылды. 1990 - 97 ж. "Егемен Қазақстан" газетінің Торғай обл-ндағы меншікті 
тілшісі болып істеді. Облыс жабылған соң Ақмола қ-нда обл. "Арқа ажары" газетінде тілші. 
1998  -  2000  ж.  ҚР  Мәдениет,    ақпарат  және  қоғамдық  келісім  министрлігінде  бас  маман 
болды. Қазір "Егемен Қазақстан" газетінде қызмет атқарады. Алаш ардақтысы М.Дулатовтың 
мәйітін  57  жылдан  соң  Карелиядан  әкеліп,  туған  жері  Торғайға  қайта  жерлеу  экспед-лық 
сапарының (1992) басы-қасында болған Ә-нің қаламынан "Мұңды сапар" атты тағылымы мол 
хикаят туды. Қазақстан Журналистер одағы М.Дулатов атынд. сыйл. иегері атанды (1998). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет