Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет223/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   677
"ӘМЕТ БАТЫР" - Мұрын жырау жырлаған "Қырымның қырық батыры" эпостық жырының 
жеке батырлар цикліне енетін жыр. Толық нұсқасындағы жырды Мұрын жыраудың айтуынан 
1948ж. И.Ұйықбаев жазып алған. Басынан аяғына дейін 7 - 8  буынды жыр үлгісімен шығарылған. 
Қырымның  қырық  батырының  бірі  Алаудың  жолын  қуып  батыр  болған  Әметтің  ел  қорғау 
жолындағы ерлік істері баяндалады. Жырдың басты идеясы - Отанды жаудан қорғау, ел бірлігін 
уағыздау болса, екінші жағынан ислам дінінің әсері де қылаң береді. "Ә. б." жыры алғаш рет "Қазақ 
халық  әдебиеті"  көп  томдығының  12-томында  (1990)  жарияланды.  Бұдан  басқа  батыр  туралы 
халық  ертегісі  негізінде  шығарылған  ертегі  -  дастан  да  белгілі.  7 - 8   буынды  жыр  үлгісіндегі 
"Әмет" дастанын жинаушы Ғ.Ахметүлы ел аузынан жазып алып, Ф.Ғатауов Орт. ғыл. кітапхана 
қорына  тапсырған.  Дастанның  басты  кейіпкері  Әмет  жеріне  адал.  отан  сүйгіш,  аңғал  батыр 
бейнесінде суреттеледі, ел билеушілердің опасыздығы әшкереленеді. Шығарма нұсқасы Орт. ғыл 
кітапханасы қорында сақтаулы. ӘМІРБЕКОВ Көпен(29.3.1950 жт., Оңт. Қазақстан обл. Отырар 
ауд. Шәуілдір а.) - ақын, сатирик. ҚазҰУ-ды бітірген (1973). 1975-1980 ж. "Ара" журналының 
бөлім  меңгерушісі,  1980  -  82  ж.  "Білім  және  еңбек"  (қазіргі  "Зерде")  журналының  жауапты 
хатшысы,  1982  -84  ж.  "Қазақ  әдебиеті"  газетінің  бөлім  меңгерушісі,  1984  -  1990  ж.  "  Ара" 
журналының  жауапты  хатшысы,  1990-  1992  ж.  "Социалистік  Қазақстан"  (қазіргі  "Егемен 
Қазақстан") газетінде фельетон бөлімінің меңгерушісі. 1990  - 1992 ж. ҚР бас прокуратурасында 
баспасөз хатшысы. Ш92 - 1995 ж. ҚР Жоғары сотының баспасөз хатшысы, 1995 -1996 ж. "Ара - 
Шмель" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Көбінесе сатира жанрына қалам тартқан. 
"Аты жоқ кітап"  (1977), "Алып" (1980), "Тілім қышып барады" (1981), "Қысыр әңгіме" (1983), 
"Ауыз бастырық" (1990), "Мың бір мысал" (1991), "Неменеңе жетісіп күлесің?" (1994) сықақ өлең 
кітаптары жарық көрген. И. Крыловтың. С.Маршакың, С.Михалковтың және лезгин сықақшысы 
Жамиддиннің жекелеген мысалдарын қазақшалаған. Халықар. "Алаш" сыйл. лауреаты (2005). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет