Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет251/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   677
"БАБЫРНАМА", "Бабурнаме", " Бобирнома" - тарихи-әдеби шығарма, Орт. Азия халықгарына 
ортақ  мұра.  Авторы  -  Ұлы  моғолдар  империясының  (1526  -  58)  негізін  қалаған  Әмір  Темір 
әулетінің ұрпағы Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. "Б" түркі (шағатай) тілінде 1526 - 30 ж. жазылған. 
Кітап - Темір әулеті құрған феод. мемлекеттің қоғамдық құрылымын, әдет-ғұрпын, салт-санасын 
және топонимикасын зерттейтін тарихшы, этнограф, географтар үшін және орта ғасырларда түркі 
тілінде жазылған әдеби, әрі ғыл. шығармаларды зерттеумен айналысатын әдебиетшілер мен тіл 
зерттеу  мамандарына  қажетті  құнды  еңбек. Шығармада 15 - 16 ғ-лардағы Ферғана, Хиндустан 
аймағындағы  (бүгінгі  Орт.  Азия,  Ауғанстан,  Үндістан)  елдердің,  халықтарының  тарихы,  Әмір 
Темір әулеті мен Мұхаммед Шайбани арасындағы Моғолстандағы тақ таласы, билік және жер үшін 
жүргізілген  соғыстар  егжей-тегжейлі  айтылады.  Бабыр  бұл  өлкелердің,  әсіресе,  Ферғана  мен 
Кабул,  Солт.  Үндістанның  шаруашылығына,  байлығына,  халықтардың  әдет-ғұрпына  ерекше 
тоқталады.  Үлкенді-кішілі  қалалардың  (Ақсикент,  Кабул,  Шаш,  Бұхара,т.б.)салынуы,  қирауы, 
бекінісі,  архитектурасы,  Сырдария,  Жетісу  бойындағы  елді  мекендер  жайында  жазылады. 
Мәселен, ортағасырлық Алмалық (Жаркент түбінде), Алмату (Алматы), Янги (Тараз) қалаларына 
тоқталып,  бұлар  моңғолдар  мен  Шайбани  әулеті  билеушілерінің  (өзбектерінің)  кесірінен 
қирағаны айтылады. Бұл қалалар маңындағы бау-бақша, түрлі жемістер, Орт. Азия мен Үндістан 
тауындағы жан-жануардың ондаған түрлері де баяндалады. Бабыр өз естелігінде белгілі оқиға, адам 
мінезіне  және  махаббатқа  арналған  өлеңдерін  де  келтіріп,  кейде  дүние  танымындағы 
көзқарастарын  да  білдіреді.  Мұнда  "Тарих-и  Рашидидің"  авторы  жетісулық  Мұхаммед  Хайдар 
Дулати туралы да дерек бар. Бабыр дүние салысымен шығарма парсы тіліне (ауд. Абдул-Рахым), 
одан ағылшын тіліне (ауд. Валдингтон) аударылды. Шығарманың қолжазбасын Н.И. Ильминский 
орыс  тіліне  аударып,  1857  ж.  Қазан  қ-нда,  ал  А.С.  Беверидже  Лондонда  1905  ж.  Лондонда 
бастырып шығарды. "Б." ағылшын (1826. 1921), француз (1871), орыс (1943.1958. "Бабирнаме", 
Ташкент),  өзбек  (1960.  "Бобирнома",  Ташкент),  қазақ  (1990.  1993.  Алматы)  тілдерінде  жарық 
көрді." Б - ның 460 жылдығы халықар. деңгейде тойланып, "Бабырнама және Шығыс ренессансы" 
деген тақырыпта ғыл.-теориялық конференция өтті (1990. 22-26 қазан.Таш.).   
БАҒАЕВ Ерұлан Ұзақұлы (3.6.1954. Алматы - 12.9.2002. сонда) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1976). 
Алма-ты  обл.  Кеген  ауд.  "Коммунизм  нұры"  газетінде  тілші.  Қазақстан  ЛКСМ  Кеген  ауд. 
комсомол  к-тінің  нұсқаушысы  (1976  -  79),  "Жазушы"  баспасында  редактор,  1979  -  1986  ж. 
Алматыдағы Советауд. комсомол к-тінің бірінші хатшысы. Совет ауд. партия к-тінде нұсқаушы, 
1986-93  ж.  "Қазақстан"  баспасында  редактор,  "Ғылым"  баспасының  бас  редакторы.  Қазақстан 
Жазушылар одағының Көркем әдебиетгі насихат-тау бюросы директорының орынбасары. 1993 - 95 
ж. "Фармация" мемл. холдинг компаниясының референті. "Әлем реклама сервиз" кәсіпорнының бас 
менеджері, 1995 - 97 ж. ҚазТАГ-тың Қостанай обл. бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарды. 
"Тұңғыш  дәптер"  (1974),  "Таңсәрі"  (1977),  "Жиырмабес"(1982),  "Жүрегімнің  жүз  жібі"  (1996), 
"Саумал  дала",  т.б.  жыр  жинақтарының  авторы.  Л.Любимовтың  "Батыс  Европа  өнері", 
Ю.Кузнецовтың "Кемелшақ" (1986), М.Алиевтің "Қанат" (1986) кітаптарын қазақ тіліне аударған.   
БАҒАЕВ Ұзақ (16.10.1930, Алматы обл. Райымбек ауд. Алғабас а. -28.7.1973. Алматы) - жазушы, 
журналист.   Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қызметкері (1969).   ҚазҰУ-ды бітірген (1952). 1952 - 
62  ж.  "Социалистік  Қазақстан"  (қазіргі  "Егемен  Қазақстан")  газетінің  әдеби  қызметкері,  бөлім 
меңгерушісі, 1962 - 68 ж. Қызылорда обл.   "Ленин жолы" (қазіргі "Сыр бойы"), Талдықорған обл. 
"Октябрь туы" (қазіргі "Жерұйық") газеттерінің редакторы, 1969 жылдан өмірінің соңына дейін 
"Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің редакторы болған. Ұзақ жылдар 
бойы Қазақстан Журналистер одағының төрағасы міндетін атқарған. Алғашқы туындысы "Халық 
бастамасы  -  қайнар  бұлақ"  1961  ж.  жарық  көрді.  "Дала  жұлдыздары"  (1970),  "Жан  сұлулығы" 
(1975)  публицистикалық  мақалалар  мен  очерктер  жинақтарының  авторы.  "Орыс  халқының 
мақал-мәтелдерін" (1971) қазақ тіліне аударған. "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендерімен 
және медальдармен марапатталған. КСРО Журналистер Одағы сыйл. лауреаты (1973),    Алматы 
обл. Райымбек ауд-ндағы Алғабас а-нда Б. атынд. мектеп, көше бар және мұражай үйі ашылған. 


Жыл сайын еліміздің үздік деп танылған журналистеріне Бағаев атынд. арнаулы жүлде беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет