Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет254/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   677
"БАЗАР БАТЫР" - дастан. Ауыз әдебиетін жинаушы Бәдел Тұрсынбаев 1935 ж. Шығ. Қазақстан 
обл. Күршім ауд. Батбақбұлақ а-ның тұрғыны Жангөдей қарттан жазып алған. Дастан үш тарауға 
бөлінген:  1-тарауда  Базар  батырдың  Шыңжаң  аймағындағы  Алтай  өлкесін  қытай,  қалмақ 
басқыншыларынан қорғау жөніндегі күресі, 2-тарауда оның басқаруындағы Алтай қазақтарының 
Данияр хан озбырлығына қарсы күресі. 3-тарауда Базар батырдың Ресей отарлау саясатына қарсы 
күресі  суреттеледі.  Шығарманың  негізгі  идеясы  -  қазақ  халқының  тәуелсіздік  жолындағы 
ұлт-азаттық  қозғалысы  Базар  батыр  бейнесі  арқылы  айшықталады.  Дастанның  Жангөдей 
жырлаған толық нұсқасы Орт. ғыл. кітапхана қорында, басқа екі нұсқасы  Әдебиет  және өнер 
ин-тының Қолжазбалар және мәтінтану орталығында сақтаулы. Ел аузында сақталған дастанның 
сюжеті желісінде Б. Тұрсынбаев дастан жазып, жеке кітап болып басылды(1944). 
БАЗАР  Есұлы (19 ғ.) - Кенесары ханның қозғалысына қатысқан батыр, ақын. Ақмола өңірінде 
дүниеге келіп, қазіргі Жамбыл обл. Мойынқұм ауд-нда қайтыс болған). Әліке батырмен бірге туған. 
Әкесі  -  Ес  батыр,  шешесі  -  Мамай  батырдың  қарындасы.  Б.  ақын  айтты  деген:  "Тасыма,  жігіт, 
тасыма! Күшігендей сақылдап, күлгенің не досыңа? Жақсылыққа қуанып, жамандыққа жасыма. 
Өле-өлгенше тұрмайды. Жақсылық пен жамандық, бір кісінің басында" деген өлең жолдары халық 
жадында  сақталған.  Зираты  Қарағанды  обл.  Теңіз  ауд.  Сарыөзен  а-ның  батысындағы  Тікенекті 
қорымында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет