Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет263/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   677
БАЙЗАҚОВ Иса (3.10.1900. Павлодар обл. Ертіс ауд. Үлгілі а -3.9.1940. Алматы) - ақын. әнші, 
композитор. 1921 ж. Семейдегі жұмысшы ф-тінде. 1922 ж. Орынбордағы Қазақ халық ағарту 
ин-тында,  1929  -  32  ж.  Қазақ  пед.  ин-тында  оқыған.  1926  -  29  ж.  Қазақ  драма  театрының 
алғашқы  актерлерінің  бір  болды.  М.Әуезовтың  "Еңлік-Кебегі"  мен  "Бәйбіше  -  тоқалында" 
басты  рөлдерде  ойнайды.  1932  -  40  ж.  Алматы,  Қарағанды,  Семей  қалаларында  радиода, 
филармонияда,  Жазушылар  одағында  қызмет  істеген.  Оңт.  Қазақстан  обл-нда  тұрып, 
ауыл-ауылды  аралап  үгітшілік  қызмет  атқарады.  Өлеңдері  1924  жылдан  жариялана  бастады. 
"Заулатшы-ай"  (№26),  "Қалқа"  (1927),  "Ісмет",  "Назқоңыр"  (№27),  т.б.  40-тан  астам  халық 
әндерінің  сөзін  жаңа  заманға,  өмір  салтына  сәйкес  жазады.  Б-тың  репертуарындағы  халық 
әндерінің көпшілігі "Қыз Жібек", "Айман - Шолпан", "Ер Тарғын" операларына енді. "Құралай 
сұ.лу" (1925), "Қойшының ертегісі" (1926), "Неге Алатау шаттанды" (1929), "Ұлы құрылыс" (1933), 
"Алтай аясында" (1934), "Он бір күн, он бір түн" (1938), "Кавказ" (1940), "Қырмызы - Жанай" 
(1940,  аяқталмаған),  "Ақбөпе"  (1941),  т.б.  поэмалары  бар.  Оның  атақты  "Желдірмелері"  (бес 
желдірме) халықарасына кеңінен тарады. Б. шығармалары бірнеше рет жеке кітап болып басылды, 
орыс тілінде де жарияланды (1967). Ақынның өмірі мен шығармаларын Е.Ысмайылов, М.Хасенов, 
Р.Бердібаев,  т.б.  зерттеген.  Жазушы  Н.Ановтың  "Ән  қанаты"  романында(1956),  осы  аттас 
кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесі жасалды. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1939), 
медальдармен марапатталған.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет