БАЙДАЛЫБекшеұлы (1725. Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. - 1820. Ақмола обл. Ерейментау
өңірі) - би, шешен. Б. Абылай ханның жанындағы сегіз бидің бірі, хан кеңесінің мүшесі болған.
Кейін Уәли хан ордасында қызмет еткен. Жастайынан ауыл арасына билік айтып, ел ісіне
араласқан. Б. биден" Алыс не, жақын не?" деп сұрағанда: "Жақын - ажал, алыс - білімді мен
білімсіздің арасы" деп жауап береді. "Ағайынға қадірім жоқ - бетімді көрді, әйеліме қадірім жоқ
- етімді көрді", "Панасы жоқтаудан без, пайдасы жоқбайдан без", "Ақсақалға жарасар
аузындағы тобасы, бәйбішеге жарасар піспегі мен сабасы" деген нақыл сөздер қалған. Қабірі
Қарағанды обл. Осакаров ауд-нда.