Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет29/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   677
АЙБАСОВ  Бірмұхамед (1895, бұрынғы Ақмола обл. Атбасар уезі Ұлытау болысы  - 28. 2.1938, 
Алматы) - қоғам қайраткері. А. ш.  уч-щесін (Омбы, 1917). Қызыл профессура ин-тын (Мәскеу, 
1933) бітірген. "Бірлік" мәдени-ағарту ұйымы басқармасының хатшысы, Ақмола уезі қазақ к-тінің 
және  "Жас  қазақ"  ұйымының  белсенді  мүшесі,  20-жылдары  Ақмола  обл.жер  басқармасының 
бастығы, Семей губ. "Қосшы"одағының төрағасы(1925 - 28). Қазақ а. ш. кооперация одағы мал. ш. 
бөлімінің  бастығы,  өлкелік  кооперация  техникумының  директоры  (1928-  31)  қызметтерін 
атқарған. Байларды тәркілеуде, қазақ шаруаларын ұжымдастырудағы асыра сілтеушілікке қарсы 
шыққандығы  үшін  қуғынға  ұшырады.  1933  ж.  И.В.  Сталинге  жазылған  "Алтаудың  хаты" 
авторларының бірі. Түрген қой кеңшары саяси бөлімінің (Алматы обл.) бастығы (1933 - 35). Қазақ 
партия баспасының редакторы (1935 - 37) болды. "Айқап", "Қазақ" басылымдарында өлеңдері мен 
мақалалары жарияланған. Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны. КСРО Жоғ. Соты әскери алқасының 
28.2.1958 ж. шешімімен ақталған.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет