БЕКТІБАЕВ Раушанбек Шәкіманұ.лы (27.1.1950. Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Жосалы кенті
-15.5.2002. Астана) - жазушы. Қазақ химия технологиясы ин-тын бітірген (1973). 1975 - 88 ж.
КСРО М
лиорация және су шаруашылығы мин. жанындағы Главриссовхозстрой" бас басқармасында
инженер, аға инженер, топ, бөлім бастығы, 1988 - 90 ж. ҚР Мелиорация және су шаруашылығы
мин-нде қызметкер, 1990 - 93 ж. "Қазсумелиорация" концернінде жетекші инженер, 1993 ж. ҚР
Президенті мен Министрлер Кабинетінің жалпы бөлімінде, 1995 жылдан ғұмырының соңына дейін
ҚР Парламентінің Баспасөз қызметінде сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған. Тұңғыш
фантастикалық әңгімесі "Кездейсоқ аялдама" 1970 ж. "Білім және еңбек" (қазіргі "3ерде")
журналында жарияланды. Бірнеше кітаптың авторы.