Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет321/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   677
БЕКІМОВ  Молданияз  (12.9.18-92. Бат. Қазақстан обл. Қаратөбе  аймағы.  Жақсыбай  болысы. 
№2-4а. - ө.ж.6., Ресей. Орынбор обл.) - Алаш қозғалысының қайраткері, этнограф, ауыз әдебиеті 
нұсқаларын жинаушы, аудармашы. Орал қ-лық уч-щесін (1902). Қазандағы жаяу әскер-юнкерлер 


уч-щесін (1905) бітірген. 1905 - 14 ж. Либава, Херсон полктерінде, Ташкент әскери окр. штабында 
қызмет  атқарған.  1914  -  15  ж.  Ресей  әскерлерінің  құрамында  штабс-капитан  шенінде  1-ші 
дүниежүз. соғысқа қатысып, жараланып қайтқан. 1915 - 17 ж. Ташқорған горнизонының бастығы 
болған. 1917 ж. 5 - 13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпы қазақ съезінде Алашорданың Ұлт 
Кеңесі  құрамына  мүшелікке  кандидат  болып  сайланады.  1918  ж.  Жетісу  босқындарына 
жәрдемдесу  к-тінде  қызмет  атқарған.  Қытайда,  Ресейде  және  Башқортостанда  тұрған.  Орыс 
ақыны  А.С.  Пушкиннің  "Капитан  қызы"  повесін  1903  ж.  қазақ  тіліне  аударып,  Қазан  қ-нда 
бастырып шығарған. Н.Қатановтың "Қырғыздың (қазақтың) халықгық эпосын зерттеуге қатысты 
материалдар"  деген  алғы  сөзімен  "Известия  общества  археологии,  истории  и  этнографии  при 
Императорском Казанском университете" атты басылымда (1904. т. 20) Б-тің ел аузы нан жинаған 
алты  ертегісі.  "Орал  облысы  қырғыздарының  (қазақтарының)  үйлену  салты"  деген  мақаласы 
жарияланады.  Сондай-ақ  ол  ауыз  әдебиеті  нұсқаларын  жинап,  "Средняя  Азия"  жинағында 
ертегілер  мен  аңыздар.  "Киргизская  степная  газета"  мен  "Тургайская  газетада"  ертегілер, 
"Туркестанский  курьер"  газетінде  мақал-мәтелдерін  жариялаған.  1909  ж.  "Қазақ  тілін  оқып 
үйренуге  басшылық"  кітабы  жарық  көрді.  "Айқап"  журналында  (1912.  №1)  "Қазақ  халқы 
жайынан" деген мақала жариялаған. Ресей акад. С.Венгеров 1915 жылдың өзінде-ақ Б-ты қазақ 
халқы жайында жазып жүрген этнограф деп таныған. Оның еңбектерін Б.Кенжебаев, М.Ғабдуллин, 
Ә.Дербісәлин, Б.Аманшин, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер жоғары бағалаған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет