мәдениет қызметкері. 1970 жылдан Шу ауд. мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып
жұмыс істеген. "Ақ қайың", "Сағыныш", "Махаббат жұлдызы", "Жұлынған гүл" әндері кең
тараған. "Жетісу әуендері" күйлер жинағы, "Шу толқындары" кітабы жарық көрген. Мәскеуде
өткен 2-ші Бүкілодақтық халық шығарм. фестивалінің лауреаты.
БИБЛИОГРАФИЯ (грек. biblion-кітап және drapho - жазу) баспа өнімдері жөнінде ақпараттық
мағлұмат беріп, оларды жүйелі түрде насихаттайтын ғыл.-практикалық қызметтің бір саласы, ғыл.
пән. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғыл. сипаттама беру және қысқаша
мазмұнын ашу арқылы Б. ғылым мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғыл.-
зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғыл. қағидаларды, саяси филос. және эстет.
көзқарастарды, тех. жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады. Б-ға мыналарды жатқызуға
болады: 1. Белгілі мәселеге немесе автор шығармаларына байланысты әдебиетгердің көрсеткіші. 2.
Библиографиялық қызметтің методикасы мен теориясын жасайтын ғыл. еңбектер. 3.
Жарияланған, басылып шыққан баспалар жөніндегі пікірлер орналасқан газет, журналдардың
бөлігі. Б-лық сипаттамада автордың аты-жөні, шығарманың тақырыбы, басылым орны, мерзімі,
көлемі туралы мәлімет беріледі. Қажетті жағдайда мазмұндалған (аннотация) сипаттама
жасалады. Б-лық құралдарға енген шығармаларға сипаттама берудің қалыпқа түскен қатаң тәртібі
бар. Олар белгілі бір мағлұматтардың жүйелі жиынтығын құрайды (авторы, кітаптың аты, баспасы,
басылған жері, уақыты, көлемі, т.б). Б. атқаратын қызметіне қарай - ағымды, өткенді шолу
(ретроспективті) және перспективті (басып шығаруға дайындалған өнімдер), тақырыбына қарай -
салалық, өлкетану, елтану, сын және жалпы (әмбебап) болып бөлінеді. Қазіргі кезде
библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде басып
шығарады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін ИНТЕРНЕТ-ке қосылу Б. үшін үлкен жетістік
болды. Арнаулы мәліметтерді сақтау мақсатында тех. баспа материалдары (микрофиштар,
магниттіктаспалар, дискеттер) пайдаланылады. Қазақ Б-сы, негізінен, қазақ баспасөзінің даму
тарихымен тығыз байланысты. "Айқап" журналының (1911-15) беттерінде жаңа шыққан кітаптар
жөнінде хабарлама-деректер мен тізімдер жарияланып тұрды. Қазақстандағы тұңғыш
библиограф. еңбек А.Е. Алекторовтың кітабы (Указатель книг, журнальных и газетных статей и
заметок о киргизах, Казань, 1900). 1926 ж. қазақтың қоғам қайраткері және тұңғыш библиографы М.
Дулатовтың 2 бөлімді "Қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіші" шықты. 1937 ж. журнал
мақалалары мен кітап жылнамалары, 1940 ж. кеңес дәуіріндегі Қазақстан мерзімді
басылымдарының Б-сы жасалынды. 1957 жылдан бастап арнаулы басылым "Баспасөз шежіресін",
1971 ж. "Казақ ССР кітаптарының жылнамасын" шығару ісі қолға алынды. Тарихшы-ғалым
Н.Сәбитовтың "Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші, 1862- 1917" (1948), қазақ
әдебиетінің библиографы Ә.Қ.
Нарымбетовтың 4 томдық "Қазақ әдебиеті" (1-том. 1970; 2-. 3-.
4-том. 1997) Б-лық көрсеткіштері, тіл білімі саласында Ш.Сарыбаевтың "Библиографический
указатель литературы по тюркологии" (1989), авторлар ұжымы құрастырған "Библиогра
фия обществоведов Казахстана" жинағы, Қ.Б. Жарықбаевтың психология ғылымы бойынша
көрсеткіштері,
Ү .Субханбердинаның "Қазақ кітаптарының шежіресі 1807 - 1917" (1996),
"Далауәлаяты газеті, 1888 -1902" (19%), "Қазақ, Алаш, Сарыарқа" (1993) атты мазмұндамалық
көрсеткіштер, т.б. кітаптар басылып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: