(1966), "Қарақұм трагедиясы" (1967), "Дала тұтқыны" (1968), "Әл-Фараби" (1969), "Отырар
ертең қирайды" (1970), "Қорқыт" (1971), "Жекпе-жек" (1974), "Жүрегімнен сұраңдар" (1977),
"Қош бол Бөрібасар" (1985), "Ит өлім" (1987), "Мұқағали Мақатаевтың соңғы әні" (1988), т.б.
пьесалардың авторы. А.Тоқмағамбетовтың "Әке мен бала" романын орыс тіліне (1978), орыс
жазушысы В.Смирнова-Ракитинаның "Авиценна" романын қазақ тіліне аударған(1986).
БОЗАЕВ Қуанышбай (1894. Ақмола обл. Атбасар ауд. Қарақойын а. -1937. сонда) - ақын. 1916
жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. Осы тарихи оқиғаға арнап жазған "Қарақойын
көтерілісі" дастаны жеке кітап болып басылып шыққан ("1916 жыл". 1936.1940). Ақын
шығармашылығы туралы Е.Ысмайыловтың, Б.Кенжебаевтың, М.Жармұхамедовтың зерттеу
еңбектерінде жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: