Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет332/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   677
БОДАУБАЕВ Болат - (26.3.1940 ж.т., Жамбыл обл. Шу ауд. Төле би а) - журналист, баспагер, 
жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1963).  1962 - 74 ж. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінің 
меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, 1974 - 1976 ж. 
"Соц. Қазақстан" (қазіргі "Егемен Казақстан") газетінде бөлім меңгерушісі, 1976 - 84 ж. партиялық 
қызметте, 1984 - 86 ж. "Жалын" баспасының директоры, 1986 - 96 ж. "Қазақстан" кітап саудасы 
бірлестігінің бас директоры. Баспасөз және бұқаралық ақпарат мин-нің Кітап шығару және тарату 
жөніндегі бас басқармасының  бастығы. "Заман Қазақстан" газетінің бас редакторы қызметтерін 
атқарған.  1996  жылдан  ҚР  Парламенті  Сенатының  редакциялық-баспа  бөлімінің  меңгерушісі 
қызметтерін  атқарған.  Бірнеше  кітаптың  авторы.  Орыс  балалар  жазушысы  Н.Носовтың 
"Дымбілмес  пен  достарының  хикаялары",  "Дымбілмес  Күн  қаласында",  "Дымбілместің  Айға 
саяхаты"  ертегі-романдарын,  Юз.  Алешковскийдің  "Кіш,  Қос  портфель  және  бір  аптадағы 
оқиғалар", "Кіш екеуміз Қырымдамыз" повестерін қазақ тіліне аударған. "ҚР тәуелсіздігінің 10 
жылдығы"  мерекелік  медальмен,  Қазақстан  Жоғ.  Кеңесінің  Құрмет  грамотасымен 
марапатталған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет