мақтау, жоқтау түріндегі өлең үлгілері ("Алып Ер Тоңғаны жоқтау") және ежелгі түркілердің
наным-сенімінен туған тұрмыс-салт жырлары, әсіресе төрт түлік мал туралы өлеңдер, бата, тілек,
бесік жыры, жар-жар, сыңсу, естірту, т.б. жиі ұшырайды. Белгілі түркітанушы ғалым Кононовтың
сөзімен айтқанда, Махмұт Қашқаридың "Түркі тілдерінің сөздігі" - "Ежелгі түркі халықтарының
өмірі, олардың материалдық және мәдени байлықтары, тұрмыс жайлары, этнонимдері мен
топонимдері, туыстық және жегжаттық терминдері, қызмет адамдарының титулдары мен аттары,
үй жануарлары мен жабайы аңдар атаулары, астрономиялық терминдер, халық күнтізбесі,
айлардың және аптадағы күндердің аттары, аурулар мен дәрілердің атаулары, анатомиялық
терминдер, металдар мен минералдар, әскери, спорт және әкімш. терминологиясы, түрлі тарихи
және мифтік қаһармандардың есімдері, діни және этн. терминология, т.б. туралы көп жағдайда
бірден-бір деректеме болып табылады". "Д. л. ат-т." бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтардың бәріне
бірдей ортақ асыл қазына, тілдік, әдеби, тарихи, этногр., т.б. тұрғыдан мейлінше бай мұра екені
даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: