Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет406/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   677
ДИДАКТИКАЛЫҚ            ӘДЕБИЕТ  (грек.  didaktikos  -  үйретуші,  оқытушы)  -  ғылыми 
философиялық, моральдық, діни идеяларды, уағыз, ғибрат ойларды білдіретін шығармалар. Д. ә-те 
көркем бейнелеуден гөрі байламға пікір мен тұжырымға, ой мен идеяны әсерлі жеткізуге ерекше 
мән беріледі. Д. ә-тің тарихы бай, үлгілері көп. Фольклор материалдарын аңыз-әңгімелер негізінде 
жазған  Д.  ә.  өте  мол.  Әсіресе  дидактикалық  көркем  сөзде  мақал-мәтелдердің,  ақыл-нақыл 
сөздердің, ертегілер мен эпостардың әсері күшті, Үнді әдебиетінің "Махабхаратта", "Панчатантра" 
туындыларында  (3  -  4ғ.)  буддизм  идеялары  насихатталған.  Грек  мысалшысы  Эзоп  өз 
шығармаларында  түгелдеи  дидактикалық  жанрды  пайдаланған.  Д.  ә.  көне  шығыс  әдебиетінде 
ерекше  орын  алады.  Мұны  Омар  һаям,  Сағди,  Жәми,  Руми,  Низами,  Фирдоуси  мұраларынан 
көруге болады. Түркі тілдес халықтардың ортақ мәдениет ескерткіштері - Орхон-Енисей (5 - 8ғ.), 
көне қьшшақ (10 - 12 ғ.) жазба ескерткіштеріндеМахмұт Қашқаридың    "Диуани луғат ат түрк" 
сөздігінде (10 - 17), "Оғызнама" мен "Мұхаббатнамада" (14 ғ.) Д. ә. үлгілері баршылық. Ал Жүсіп 
Баласағұнидың  "Құдатғу  білік"  дастаны  (1069),  Ахмет  Йүгнекидің  "Ақиқат  сыйы"  (12ғ.),   
Ахмет  Иасауидің  "Диуани  хикметі"  (12ғ.).  Сайф  Сараидың  "Гүлстан"  дастаны  (14ғ.) 
дидактикалық  мазмұндағы  әдебиет  түріне  жатады.  Қазақ  ауыз  әдебиетінің  кез  келген  жанры 
дидактикалық  сарында  айтылады  (мыс.,  батырлар  жыры.  ғашықтық  жырлар,  мақал-мәтелдер, 
шешендік  сөздер,  қанатты  сөздер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  ақындар  айтысы.  т.б.). 
Ақын-жыраулар  поэзиясында  Бұқар,  Үмбетей,  Ақтамберді,  Дулаттың  жыр-толғаулары,  арнау 
өлеңдері дидактикалық мазмұнға құрылған. 19 ғ-дағы Махамбет Өтемісов, Ыбырай Алтынсарин, 
Майлықожа,  20  ғ.  басындағы  Мәшһүр-Жүсіп  Көпеев,    Шәкерім    Құдайбердіұлы  жырларында 
дидактикалық  сарын  басым.  Абайдың  "Қара  сөздері"  дидактикалық  жанрда  жазылған.  Д.  ә. 
түрлері қазақ поэзиясында тәрбиелік мақсатта қолданылып келеді.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет