"ЕР ЕДІГЕ" - тарихи қаһармандық жырлардың ортақатауы. Алтын Орда хандарының
ақылшысы, халық қамқоры болған Едіге батырдың Тоқтамыспен арадағы соғыстарын арқау
еткен аңыз-әңгіме, дастан-жырлар халық арасына кең тараған. Едіге жайлы тарихи құжаттар
Мәскеу мұрағаттарында, Никонов шежіресінде, "Дүние жүзі тарихының" 3-томында кездеседі.
Оның өмірі мен соғыстары туралы жырлар мен аңыздар қазақ қана емес, татар, ноғай, қырғыз,
қарақалпақ, башқұрт, қырым татарлары, құмық, түрікмен, т.б. халықгар арасында кездеседі.
Жырдың әр түрлі нұсқаларын кезінде Ш.Уәлиханов, П.М. Мелиоранский, Г.Н. Потанин, В.В.
Радлов, И.Н. Березин, И.А. Беляев. Н.И. Веселовский, ӘЛиваев, С.Сейфуллин, М.Әуезов,
С.Мұқанов сияқгы белгілі ғалымдар зертгеп, жоғары бағалаған. Акад. В.М. Жирмунскийдің
айтуын-ша, "Е. Е." жырының орыс тіліне аударылған 30 нұсқасы (оның 15-і қолжазба күйінде
сақтаулы) бар. Ал Қазақстанның Орт. ғыл. кітапханасында жырдың 6 нұсқасы сақгалған. "Е. Е."
туралы жырлар 19 ғ-да жариялана бастады. 1820 ж. "Сибирский вестник" газетінде жырдың
қысқаша мазмұны алғаш рет қара сөзбен жарияланған. Бұдан кейін жырдың ноғайша нұсқасы
ағылшын тілінде 1842 ж. Лондонда жарық көрген "Парсының халық өлеңдері" фольклорлық
жинағына енгізілген. 1873 ж. Радлов жырдың өлең аралас қара сөзбен баяндалған татар тіліндегі
нұсқасын, 1898ж. Потанин Едіге туралы төрт ертегіні өз еңбектерінде жариялаған. 1896 ж.
Ташкент қ-нда баспадан шыққан Диваевтың этногр. материалдарының "Мырза Едіге батыр"
деген тарауында Едіге мен Тоқгамысқа байланысты аңыздардың орыс тіліндегі аудармасы
берілген. Ғалым бұл еңбегін "Мырза Едіге" деген атпен 1922 ж. араб әрпімен қайта бастырды.
Қазақ зерттеушісі Ш.Уәлиханов ұсынған алғашқы нұсқа оның 1904 ж. Санкт-Петербургте
Веселовскийдің редакциялауымен жарықкөрген жинағында жарияланған. Шоқан бұл жырды
алғаш 1841 ж. Аманқарағай округінде Жұмағұл ақыннан естігенін жазады. Кейін әкесі Шыңғыс
екеуі Арыстанбай ақынның айтып жүрген нұсқасымен салыстырып, қағазға түсірген, кейін,
орыс тіліне аударған. Ал оның қазақша нұсқасын 1905 ж. Мелиоранский баспадан шығарды.
Қ.Сәтбаев 1927 ж. Мәскеудегі КСРО халықтарының орт. баспасынан "Е. Е." жырының жаңа
басылымын шығарды. Дастан қазақ тілінде 3 мың дана болып басылған. "Е. Е." жыры
С.Сейфуллиннің (1934), С.Мұқановтың (1939) құрастыруымен жарық көрген. Сәтбаев нұсқасы
1989 ж. Сәтбаевтың бір томдық таңдамалы мақалалар жинағына енгізілді. Едіге батыр туралы
жырлардың
жеті
нүсқасы
бір
кітап
көлемінде
топтастырылып
(құрастырған
О.Нұрмағамбетова) 1995 ж. жарық көрді. Осы жинаққа енген жыр нұсқалары: "Едіге жыр"
(Ш.Уәлиханов нұсқасы), "Ер Едіге" (К.Сәтбаев нүсқасы ), "Мырза Едіге батыр" (ӘДиваев
нұсқасы), "Ер Едіге" (Мәшһүр Жүсіп нұсқасы), "Едіге" (Мұрын жырау нұсқасы), "Мәулімнияз
- Едіге" (Нұртуған нұсқасы), "Едіге батыр эпосы" (Қарақалпақ нұсқасы). Е.Мағауин "Едіге батыр"
жөнінде зерттеу еңбек жазған.