" ЕРДЕН БАТЫР" - хикая. Ерден деген батыр жігіттің ерлік істері, шешендігі баяндалады.
Шығарма жеті әңгімеден тұрады. Алғашқы екі әңгіме Е. б-дың қалай батыр атанып,
найзагерлікпен көзге түскенін сипаттаса, үшінші әңгімеде батырдың Қоқан хандығын шабуы,
төртінші әңгімеде Е. б-дың Сағымсары деген атының дауы, бесінші әңгімеде Е.б-дың Дүтбай
батырды абақгыдан босатып алуы, алтыншы әңгімеде батырдың Аққошқармен ерегісі және
губернатордан айыпсыз құтылуы, жетінші әңгімеде батырдың атақты Шорманның алдында
сыннан өтіп аға сұлтан, болыс болуы суреттеледі. Қара сөзбен баяндалған бұл хикаяны
жазушы С.Шәріпов ауыз әдебиетін жинаушы жезқазғандық Ә.Наурызбаевтан жазып алып,
"Жаңа әдебиет" журналының 1929 ж. №1 санында жариялаған.