Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет493/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   677
ЕРІКТІ  ӨЛЕҢ  -  қалыптасқан  өлең  өлшемін  берік  сақтамай,  тармақтардың  ырғағын  еркін 
өрнектейтін өлең түрі. Ырғағы құбылмалы келетіндіктен Е. ө. сөйлеу интонациясына өте жақын 
болып  келеді.  Оның  кейбір  үлгілері  халық  поэзиясында,  әсіресе  шешендік  сөздерде  жиі 
кездеседі. Е. ө-нің ескі жыраулардың толғауларына тән дәстүрін жалғастырған үлгісі Махамбет 
поэзиясында мол. Мыс., "Садағына сары жебені салдырған, Садағының кірісін Сары алтынға 
малдырған,  Тереңнен  көзін  ойдырған,  Сұр  жебелі  оғына  Тауықтың  жүнін  қондырған. 
Маңдайын  сары  сусар  бөрік  басқан,  Жаурынына  күшіген  жүнді  оқ  шанышқан". 
С.Сейфуллиннің  "Бір  ақынның сандырағы", І.Жансүгіровтің "Ала бие", Д.Әбілевтің "Айтшы, 
теңіз,  сырыңды маған", С.Мәуленовтің "Адам өлмейді" поэзиялық  туындыларын Е. ө. түріне 
жатқызуға  болады.  Е.  ө-нің  қазіргі  поэзиядағы  үлгілерінен  қара  сөзге  тән  сөйлем  құру 
ерекшеліктерін, өлең ырғағына жанастыра ұтымды қолдануға бейімдік айқын байқалады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет