Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет490/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   677
ЕРУБАЙҚЫЗЫ Жібек (1910 жт., бұрынғы Орал обл. Чапаев ауд. Балықшы а.) - халық ақыны. 
Жасынан жетімдік, жоқшылық көріп, зарлы өлең. сын-сықақ жырлар шығарған. Ақынның бір топ 
өлеңдері ("Қазақстан әйелдері" 1965. № 5) және белгілі ақын Қ.Жүсіпбековпен айтысы ("Айтыс" 
3-т..  1966)  баспа  жүзін  көрген.  Бұл  айтыс  8-сыныпқа  арналған  "Қазақ  әдебиеті"  оқулығында 
(Қ.Жұмалиев. 1969) талданған. Көптеген өлең, жыр, толғаулары кезінде жазылып алынбаған. 
 
ЕРШУОВ Аманқос (18.8.1943 ж.т.. Атырау обл. Ембі ауд. Аққиіз тоғай а.)- ақын. Қазақстанның 
еңб. сің. мәдениет қызметкері (1994). Атырау пед. ин-тын бітірген (1967). 1967 -68 ж. Атырау обл. 
"Коммунистік еңбек" газетінде әдеби қызметкер, 1968 - 70 ж. орта мектепте мұғалім, 1970 - 80 
ж. мектеп интернатта оқу  ісінің  меңгерушісі  қызметтерін  атқарған.  Қазір  шығарм. жұмыста. 
Алғашқы  өлеңдері  "Бұлттар",  "Қасым  жыры"  1962  ж.  "Жұлдыз"  журналында  жарияланған. 
Өлеңдері  "Жас  керуен",  "Алтын  тау",  "Көңілді  тоқсан",  "Жолдас  комсомол",  "Революция 
жырлары",  "Өмір  өрнегі",  "Бір  нәзік  сәуле",  "Сенің  өмірің  -  сиқырлы  әлем"  жинақтарына 
енген. "Махаббат", "Жаралы жылдар",  "Асалы мен Көкетай" драмалары  бар. "Халық ағарту 
ісінің  үздік  қызметкері  белгісімен,  "Еңбек  ардагері"  медалімен,  "Құрмет  белгісі"  орденімен 
марапатталған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет