Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет512/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   508   509   510   511   512   513   514   515   ...   677
ЕСПОЛОВ  Мырзағазы  (1896.  Қостанай  маңы  -  1936)  -  журналист,  публицист,  педагог. 
"Айқап"  журналына,  "Қазақ"  газетіне  ауыл  жағдайы,  жер  мәселесі,  ұлт-азаттық  қозғалысы 
туралы мақалалар жазып тұрған. Ақпан төңкерісінен кейін қазақ к-ттерін құруға, жалпықазақ 
съездерін шақыруға қатысқан.  1917 ж. желтоқсанда құрылған Алашорда үкіметінің әскери 
бөлімінде  қызмет  атқарып,  Алаш  милициясын  жасақтауға  көп  еңбек  сіңірген.  1920  жылдан 
халық  ағарту  саласында  еңбек  етіп,  Ташкенттегі  Қазақ  пед.  ин-тында  оқытушылық  қызмет 


атқарған.  Сталиндік  саяси  қуғын-сүргіннің  зардабын  тартып,  1929  ж.тұтқындалып,  1930  ж. 
сәуірде 10 жылға Соловецк лагеріне айдалды. 1936 ж. лагерьде қайтыс болған. 
 
ЕСТАЙ  (Есмағамбет)  Беркімбайұлы  (1868.  Павлодар  обл.  Екібастұз  ауд.  Ақкөл  а.  -  1946. 
сонда) - әнші, ақын, композитор. Қазақстанның  еңб.  сің.  өнер  қайраткері  (1939).  Е. анасы 
Күлипа  мен  нағашысы  Байтұлымнан  көптеген  жыр,  дастан,  толғаулар  үйренген. 
Жарылғапберді,  Ақан  сері,  Балуан  Шолақ,  Сәтмағамбет,  Үкілі  Ыбырай,  Шашубай  сынды 
әнші-ақындармен  бірге  үлкен  жиындарда  ән  салып,  халыққа  танымал  болған.  "Шолпан 
қайдан", "Жай қоңыр", "Назқоңыр", "Майдақоңыр", "Юран-ай", "Бір мысқал", "Ашу-пышақ", 
"Дүние-ай",  "Еркем",  Гүлнарайым",  "Қоштасу",  "Ғашық",  "Қаламқас",  "Қара  көз"  әндері 
сақталған. Ал классик. "Хорлан", "Құсни - Қорлан" әндері Е-дың есімін аңызға айналдырды. 
Е-дың кеңестік дәуірде "Туды күнім", "Құрбылар", "Өмір", "Қоңыр жел" әндері дүниеге келді. 
А.В. Затаевич Е. әндерін тұңғыш нотаға түсіруші. Е. 1939 ж. Алматыға келіп Б.Г. Ерзаковичке 
әндерін нотаға түсіртеді. Сол сапарында Жамбылмен кездесіп, ақын Қ. Аманжолов әншінің өз 
аузынан "Хорлан" әнін естіп, "Хорлығайын" атты драмалық поэма жазған. (1939). Е. Қазақстан 
Жазушылар одағының 2-съезіне қатысқан (1939). А.Жұбанов пен Ерзакович Е-дың өмірі мен 
шығарм.  туралы  зерттеу  еңбектер  жазған.  Ақьш  М.Әлімбаев  "Естай  -  Хорлан"  поэмасын  әнші 
өміріне арнады (1968).   
 
ЕСТЕН  Арасанбай  (18.12.1953  ж.т.,  Құлжа  қ.)  -  жазушы.  1956  ж.  Қазақстанға  оралған. 
ҚазҰУ-ды  бітірген  (1980).  Қапал  ауд.  "Қапал  еңбеккері"  газетінде  аудармашы,  әдеби 
қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1985 жылдан "Жазушы" 
баспасында  редактор.  Алғашқы  повесі  "Шырғалаң"  1982  ж.  "Таң  нұры"  ұжымдық  жинағына 
енген. Респ. "Жалын" баспасы ұйымдастырған жабық бәйгесінің (1977. 1986) жүлдегері. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   508   509   510   511   512   513   514   515   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет