ЕСТЕЛІК - әдеби шығарма, мемуар жанрының бір түрі. Е. - өмірде шынайы болған тұлғалар
мен ел тарихында өткен елеулі оқиғалар жайында көзбен көріп, куәгер болған адамдардың сол
өткенді еске түсіріп, өз атынан баяндап беруі. Алайда Е-те деректер тарихи еңбектегідей
нақтылы берілуі міндетті емес. Е. автордың өз танымы тұрғысынан баяндалады. Автор Е-те
ақиқаттан алшақ кетпей, оны көркемдеп, бейнелеп жеткізуге құқылы. Е. жанрлық табиғаты
жағынан мемуардың күнделік, жолжазба, т.б. түрлеріне жақын. Қазақ әдебиетінде
С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. туралы замандастарының Е-тері бар.