Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет57/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   677
АҚЫН-КОМПОЗИТОРЛАР - дәстүрлі қазақ қоғамында әрі ақын, әрі композитор, әрі әнші 
ретінде халыққа танылған таланттар шоғырына қатысты қолданылатын әдебиеттану ғылымындағы 
термин.  Кейде  оларды  әнші  ақындар  деп  те  атайды.  Қазақ  халқының  дәстүрлі  өнері  өзінің 
синкреттілігімен ерекшеленеді. Халықтың рухани сұранысы мен көшпелі өмір салты бір адамның 
алуан түрлі өнер иесі болуын қажет еткен. Ондай өнерпаздарды халық "сегіз қырлы, бір сырлы" 
деп атаған. Осынау синкретті өнерпаздық дәстүр қазақ халқының 19 - 20 ғ-лардағы ақындарының 
бойынан  айқын  байқалады.  Олар  ақын  ретінде  неғұрлым  тегеурінді  болса,  соғұрлым  олар 
шығарған  ән-күй  де  төлтума  болмысымен  дараланып  отырады.  Бұл  ретте.  Абай  Құнанбайұлы, 
Әсет  Найманбайұлы,  Кенен  Әзірбаев,  Шашубай  Қошқарбайұлы,  И.Байзақов,  Н.Бекежанов, 
С.Сейфуллин,  Қ.Аманжолов,  т.б.  ақындардың  әндері  мейлінше  дара  саз-сарынымен  өзіндік 
әуен-нақыш  қалыптастыруымен  ерекшеленеді.  Қазақстанның  әр  өлкесінен  шыққан  өнерпаздар 
халыққа өнер көрсете жүріп, әншілік өнер мектептерін орныктырды. Арқадағы Біржан сал мен Ақан 
сері маңына бір шоғыр талантты топ жиналса, Манғыстауда "Адайдың жеті қайқысы" деген атпен 
белгілі сал-серілер - Шолтаман, Тастемір, Досат, Тұрсын, Жылкелді, Әділ, Өскінбай ел аралап 
өнер  көрсетті.  Әнші  ақындар  композиторлық  дарынмен  бірге  тыңдаушысын  арбап  алатын  сазы, 
құдіретгі  даусымен  жұртшылыққа  танылған.  Көпшіліктің  ықыласына  бөленген,  Біржанның 


"Әңгіме  сегіз  дуан  таңырқаған",  "Пар  келмеген  еш  әнші  тіпті  маған",  Әсеттің  "Әсеттей  сал,  ән 
салсаң,  аңыратып,  орман,  тоғай,  өзенді  жамыратып",  "Әуелетіп  ән  салса,  әнші  Әсет,  аққумен 
аспанда тілдеседі" деуі тегіннен тегін шықпаған. Олар қазақ әнінің классикалық билікке жетіп, 
формалық, әуендік жағынан баии түсуіне шексіз үлес қосты. Арқадағы үлкен әншілік орта Біржан 
сал, Бат. Қазақстандағы әншілік мектеп Мұхит атымен, Сыр бойындағы гармонмен айтылатын бір 
мақам  дәстүрі  Нартаймен  байланысты.  Әнші  ақындар  көбіне  пәк  таза  махаббатты,  сұлу  әйел 
сипатын жастық  шақ, жігіттік арман, ар-намыс бостандығын жырлауға ден қойды. Оған Ақан 
сері, Біржан сал, Естай, Балуан Шолақ, т.б. ақындардың шығармашылығын айтуға болады. Әйел 
затының әдемі көрік-келбетін, жан дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаған Ақан серінің" Ақтоқты", 
"Мақпал", "Перизат", "Аксаусақ", "Жамал қыз", "Балқадиша" тәрізді әндері қыз есімімен аталады. 
Үкілі Ыбырай әйгілі" Гәкку" әнін Кәлима атты сүйген қызына арнап шығарған, мұнда ғашығы аққу 
құсқа баланып, ән қайырмасындағы аққу құстың үніне ұласатын "Гәкку, гәкку" деген одағайлармен 
шебер үйлесім тауып, автордың ой-қиялынан туған арман мен зарды күшейте түседі. Әнші ақындар 
жастарды ықтиярсыз үйлендіретін неке заңына, ескі әдет-ғұрыптарына қарсы шықты. Ақан серінің 
"Сырымбет",  Естайдың  "Қорлан",  Қайыптың  "Ақбөбек",  Сауытбектің  "Ақбөбек",  т.б.  әндері 
қалың  мал  жоралғыларын  айыптаған,  махаббат  бостандығын  дәріптеген  туындылар.  А.-к. 
айналасындағы өтіп жатқан құбылыстарды сырттан бақылаушы ретінде емес, өз басынан кешкен 
жайларды суреттеу арқылы махаббат пен ғадауат, теңсіздік пен әділетсіздікті, қоғамдық орта мен 
адам  арасындағы  қақтығысты,  кереғарлықты  бейнеледі.  Мәди,  Жаяу  Мұса,  Сары  Батақұлы, 
Иманжүсіп, Қанапия, т.б. ақындар жалға ұшырап, тепіреш көрді. Мыс., Жаяу Мұсаның "Ақсисасы" 
-  теңсіздікке,  зорлықшыл,  қиянатшыл  үстем  топтардың  іс-әрекеттеріне  деген  наразылық  пен 
ыза-кектің уытты күшін көрсететін әлеум. мәні зор туынды. Батыл, оптимистік рухтан туған бұл ән 
дұшпанға  деген  бітіспес  кектің,  шындық  пен  әділеттіліктің  жаршысындай  естілді.  Мәдидің 
теңсіздік  іздеген  өнерпаздың  терең  драмасын  арқау  еткен  "Қарқаралы"  мен  "Қаракесек" 
әндерінде сөз бен саз тамаша үйлесім тауып, бірін-бірі толықтырып, аша түскен. Сол себептерден 
аталған ақындар шығарм-ғы күрескерлік те қасиетімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда өнер түрлерінің 
сараланып, өнер жанрлары орныққанына қарамастан қазақ ақын-жазушыларының тамаша ән-күй 
шығаратын дәстүрі  әлі  де  жалғасып келеді. Мыс., К.Салықов,  М.Шаханов,  І.Жақанов,  т.б.  ақын 
жазушылардың ән-күйлері ел ішіне кеңінен тараған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет