"АЛАМАН" - Халел Досмұхамедұлының құрастыруымен жарық көрген ақын-жыраулар
мұрасының жинағы. 1926 ж. Ташкентте 3 мың данамен "Қазақ мемлекеттік баспасы" шығарған.
Жинаққа қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлық жырлар, Қалнияздың "Ер Қамысы", Нұрымның
"Байбоз-Жанбозы",
"Балаунияз"
дастаны
т.б.
туындылар
енген.
Ы.Шөрекұлының
"Исатай-Махамбет" дастанының екінші бөлімі. Жиембет жыраудың Есім ханға айтқан толғауы да
осы жинақга жарияланған. Кітаптың алғы сөзі ретінде құрастырушының мақаласы берілген.
"АЛАУ БАТЫР" - "Қырымның қырық батыры" топтамасына енетін жыр. Нұсқасы толық,
тұтастай 7-8 буынды жыр үлгісімен шығарылған. 1942 ж. Мариям Исаева стенограмма әдісімен
жазып алған. Жырда елді сыртқы жаудан қорғау, туған жері. Отаны үшін жанын аямау идеясы
қиял-ғажайып ертегі сарындарымен ұштасып. Алау батыр халық қорғаны, қамқоршысы бейнесінде
суреттеледі. "А. б." жыры алғаш рет "Қазақ халық әдебиеті" көп томдығының 12-томында жарық
көрді (1990). Түпнұсқасы Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы.
"АЛАШ" - демократиялық-ағартушылық бағыттағы алғашқы қазақ газеттерінің бірі. 1916 ж. 25
қарашада Семей қ-да ерлі-зайыпты К.Төгісов пен Мариям Төгісованың басшылығымен бірінші
саны жарық көрген Газет жұмысына қазақ зиялылары Н.Құлжанова, Ғ.Жанайдарова, Х.Ғаббасов, Ж.Ақбаев. Н.Құлжанов, М.Әуезов, С.Торайғыров, т.б. ат салысқан. Газетте Ресей Думасына қатысу,
ішкі, сыртқы саясат, қазақ шаруасының тіршілігі, оқу-ағарту ісі, қыз-келіншектер тұрмысы
тақырыбы қамтылған, әдеби-көркем шығармалар да үнемі жарияланып тұрған. Қаржы
тапшылығына байланысты "А." 1917 ж. мамырда жабылып қалды.