бояу-реңкі. Айталық, сентименталист жазушыларда жергілікті әсіресе пейзаждық суреттеулерден
айқын аңғарылады. Жазушы-романтиктер болса, басқа бір континенттер мен елдер табиғатын
жергілікті колорит тұрғысында суретгейді. Мәселен, Еуропа жазушылары үшін Жерорта
теңізі аймағы елдері мен Таяу Шығыс көріністері жергілікті колорит рөлін аткаруға себеп
болған. Ал орыс романтиктері Кавказ туралы жазған, жырлаған. Әсерлі де әсем табиғат
суреттері, өзгеше өмір сүру салты, әдеттегіден бөлек мінез қырлары романтик. шығармаларды
толықтыра, байыта түскен, әр берген. Бұл орайда жергілікті колоритті тек табиғатпен ғана
байланыстырып қарау жеткіліксіз, оның әлеум. маңызы да бар. Айталық, романтиктер басқа
халықгардың ешкімге ұқсамайтын тіршілік әрекетіне, әдет-ғұрпына назар аударған. Сол
арқылы жаңадан бір өмір сырларына үңілген, соны жырлауға, ашуға ұмтылған. Лермонтовтың
кейбір жырларынан, Толстойдың "Казактар" повесінен жергілікті колорит әсерін көруге
болады. Қазақ әдебиетінде де жергілікті колоритпен жазылған шығармалар бар. М.Әуезовтің
"Индия очерктері", Қ.Бекхожиннің Тәжікстан туралы жырлары, Ғ.Қайырбековтың Қара теңіз
жырлары т.б.
ЖЕТЕС Қыстаубайұлы (шамамен 1828, Қызылорда обл. Арал ауд. -1914, сонда) - би, шешен.
Ж. би ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен, әділдігімен көзге түскен. Ол
халық қамын ойлаған болыс ретінде де ел құрметіне бөленген. Ж. бидің Райым, Шыбынды
болыстарын басқарғаны туралы деректер бар. Оның билік кесімдері, шешендік сөздері ел
арасына тарап, "тілді би" атанған. Ж. би туралы Қ.Салғариннің "Көмбе", С.Толыбековтің
"Қазақ шежіресі" кітаптары мен "Ел аузынан" ж-нағында жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: