Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет586/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   582   583   584   585   586   587   588   589   ...   677
 
ЖИЕМБЕТ  ЖЫРАУ,  Жиембет  Бартоғашұлы  -  жырау,  әскербасы.  16  ғ-дың  соңы  мен  17 
ғ-дың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен Ж. ж. - қазақ тарихындағы ел бастаған көсем деңгейіне 
көтерілген  елеулі тұлғалардың бірі.  Еңсегей  бойлы  ер  Есім  ханның  ұлы  жорықтарында  асқан 
ерлік  көрсеткен.  Ол  1620  жылғы  ойраттармен  болған  ірі  соғыста  Кіші  жүз  қолын  басқарып, 
қазақтардың жеңіске жетуіне ықпал еткен. 1967 ж. Қазақ хандығы құрамынан бөлініп шығып, дербес 
билік  құрғысы  келген  Қатағанның  ханы  Тұрсынның  бүлігін  басқан  Есімнің  қасында  болып,  ел 
тұтастығын  сақтау  жолында  қажырлы  қайрат  көрсетеді.  Кейін  Кіші  жүзге  сөзі  өтіп  тұрған  Ж. 
ж-дың билігінен сескенген Есім хан, оны інісі Жолымбетпен бірге жер аударып жібереді. Ж. ж. 
ханның қаһарынан қайтпаған өр кеуделі адам болған секілді. Иесіз аралға айдалып бара жатқан Ж. 
ж.: "Еңсегей бойлы ер Есім, Есім сені есірткен, Есіл де менің кеңесім..." деп Есім ханға айбат шеге, 
ойындағысын  тайсалмай  айтып  кетеді.  Ел  аузындағы  деректерге  қарағанда,  Ж.  ж.  сол  айдауда 
жүріп, қайтыс болады. Келесі деректерде, Есім хан дүниеден өткеннен кейін туған жұртына қайтып 
оралады. Бірақ Ж. ж-дың Есім хан қайтыс болған 1643 жылдардан кейінгі ғұмыры белгісіз.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   582   583   584   585   586   587   588   589   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет