"ЖЕТІ ЖАРҒЫ" - негізінен, заң жинақтарымен құқық саласы бойынша кітаптар шығаруға
маманданған республикалық баспа. 1994 ж. ҚР Әділет мин-нің "Заң әдебиеті" баспасы болып
құрылған. 1998 ж. "Ж. ж." жабық акцион. қоғамы болып қайта құрылды. Баспа Қазақстан
Респ-ның заңдарын, кодекстерін және заң актілерін жұртшылыққа шұғыл жеткізіп отыру,
сондай-ақ, заңгерлердің күнделікті жұмысына аса қажет нормативтік-құқықтық актілер
жинақтарын, құқық тақырыбына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, кітап етіп
шығарумен, практикалық қызметкерлер үшін заң актілеріне түсініктемелер басып шығарумен
айналысады. "Қазақстан Республикасының заңы", "Қазақстан Республикасының кодексі",
"Нормативтік-құқықтық
актілер
жинағы",
"Оқулық",
"Оқу
құралы",
"Казақстан
Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл", т.б. кітаптар сериясын шығарып келеді. Баспа
студенттер үшін салық, қаржы, сақтандыру, әкімшілік, конституциялық, қылмыстық, халықар.
құқық, саясаттану, мемлекет және құқық негіздері мен теориясы бойынша көптеген кітаптар
шығарды. Сондай-ақ, Парламент қабылдаған заң актілерін қазақ және орыс тілдерінде мұқабада
кітап етіп шығарады. Акад. Салық Зимановтың басқаруымен 10 томдық "Қазақтың Ата заңдары"
кітабын шығару ісі қолға алынды. "Ж. ж." баспасы құрылғаннан бергі 10 жыл ішінде қазақ, орыс,
ұйғыр, неміс, корей, тілдерінде 176 оқулық пен оқу құралдарын және 62 ғыл. әдебиетті, 20-дан
астам нормативтік құқықтық актілер жинағын жарыққа шығарды. Мемлекеттік тілде 438 кітап
шыққан.