ЖҮМАҒҰЛОВ Мақан Жұбанышұлы (20.10.1924 ж.т., Алматы обл. Шелек ауд. Киікбай а.) -
жазушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (1963). 1940 ж. Алматы көркемсурет уч-щесіне
түсіп, 2-дүниежүз. соғысынан оралған соң, аталмыш уч-щені тәмамдайды (1946). Мәскеудегі
Әдебиет ин-тын бітірген (1959)" 1948 - 52 ж. Алматыда мектепте мұғалім, 1952 - 54 ж. "Учитель
Казахстана" газетінде әдеби қызметкер, 1959 - 72 ж. "Жазушы", "Қазақстан" баспаларында
редактор, 1975 - 83 ж. Авторлық құқық қорғау жөніндегі Бүкілодақтық агенттігі Қазақ респ.
бөлімшесінде инспектор. аға әдеби кеңесші қызметтерін атқарған. Шығармаларын орыс тілінде
жазған. Тұңғыш өлеңдер жинағы "Қараторғай" 1950 ж. "Қазақстан" (қазіргі "Простор" журналы)
альманахы мен "Ленинская смена" газетінде жарияланған. "Қыран қазасы қияда" романы (М„
1965. 1967), балаларға арналған "Сөз кітабы" (1969), "Днепрге" повесі (1972. 1986) "Пима-ертегі"
(1977) "Көңіл-ді бес жүзінші" (1986) повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. 2-дәрежелі
2-дүниежүз. соғысы орденімен және медальдармен, екі рет Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет
грамотасымен, Орта Азия әскери округінің Құрмет грамотасымен марапатталған.