журналында жарияланған. Ж-тің бір өлеңдер жинағы. сегіз роман, бес повесть. ондаған әңгіме,
мақалалар жинақтары жарық көрген. Олардың негізгілері "Қаздар қайтып барады" (1967) атты
әңгімелер жинағы. "Көкейкесті" (1969), "Соңғы көш" (1974 - 81.), "Атамекен" (1985), "Тағдыр"
(1988.) романдары, "Соңғы көш" (1-кіт. 1974; 2-кіт. 1981) және "Дарабоз" (1-кіт. 1994; 2-кіт. 1996)
дилогиялары, Ж-тің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы - "Таңғажайып дүние" (1998)
ғүмырнамалық, "Қылкөпір" (2003) романдары, Жазушының публицистикалық мақалалары
"Қалың елім, қазағым" (2000) жинағында жарияланды. Ж. шығармалары орыс, украин, белорусь,
өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде, "Соңғы көш" романы түрік тілінде басылып шыққан. Негізгі
еңбектері 2003 - 2004 ж. "Он екі томдық" шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен,
Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан Жазушылар одағы сыйл.
(1983). Қазақстанның Мемл. сыйл. (1990)иегері.
Достарыңызбен бөлісу: