ЖҮНІСҚАН Бүркітбайұлы (1896. Шығ. Қазақстан обл. қазіргі Жарма ауд. Белтерек әкімш.
аум. -1926. сонда) - ақын. Алғашқы өлеңін туған нағашысы, белгілі ақын Көкбай Жанатаевқа
арнайды. Жалдап оқытатын мұғалімнен орыс тілін үйреніп жүргенде Николай патшаның
суретін мазақтап өлең шығарғаны үшін мектептен қуылады. Жастайынан серілік құрып,
той-думанда ел ішінде ән салады, суырып салып өлең шығарады. айтыстарға қатысады.
Оның есімі осы айтыс арқылы белгілі болған. Өз нағашысы Көкбаймен, Еркөкше Көкеұлы,
Иманбазар Қазанғапұлы ақындармен, Жанбатыр деген өлеңшімен айтыстары сақталған.
Шекер деген әйел ақынмен арнайы айтысып, жеңеді. "Бай кеткен соң бәйбіше", "Сақып байға",
"Құнанбай атаң болса құдай емес", "Қамауда", "Жағыпар болысқа", "Маң төбет", "Мәликеге",
"Төртеуінде сегіз жыр", "Төртеуінде сегіз жар". "Менің атым Жүнісқан", "Шідерінің ақауы",
"Нұрзи атынан", "Бағила", "Қайран елім", "Бөке кеніші", т.б. өлеңдері сақталған.