Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет628/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   624   625   626   627   628   629   630   631   ...   677
ЖҮНІСҰЛЫ  Ахмет  (20.6.1926.  Шығ.  Қазақстан  обл.  Ақсуат  ауд.  Қызылтас  а.  -  2.4.1998. 
Алматы)  -  жазушы,  журналист,  этнограф.  ҚХР,  Үрімжі  қ-ндағы  пед.  ин-тты  бітірген  (1947). 
1947  -  1961  ж.  Шыңжаң  өлкелік  "Шұғыла"  журналының  бас  редакторы  қызметін  атқарған. 
Ж-ның  алғашқы  әңгімелері  елуінші  жылдардан  бастап  жарық  көрген.  Шыңжаң  баспасынан 
шыққан әңгімелер жинағы қытай, ұйғыр тілдеріне аударылған. Қазақстанға 1961 ж. оралғаннан 
кейін  Шығ.  Қазақстан  обл.  Ақсуат  а-нда  орта  мектепте  ұзақ  жылдар  мұғалім,  1995  -1997  ж. 
"Ана тілі" газетінде қызмет істеген. 
 
ЖҮНІСОВ Сәкен Нұрмақұлы (1.2. 1934 ж.т„ Солт. Қазақстан обл. Қызылту ауд., Кішкене көл 
а.)  -  жазушы.  Қазақстанның  халық  жазушысы  (1996).  КазҰУ-ды  бітірген  (1957).  "Пионер" 
(қазіргі  "Ақжелкен")  журналында  (1957  -  59).  Қазақ  драма  театрында  (1960  -  64)  әдебиет 
бөлімінің меңгерушісі. Қостанай пед. ин-тында оқытушы (1964), " Қазақ әдебиеті" газетінде 


бөлім меңгерушісі (1964 - 68), КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры. Қазақстан 
Жазушылар  одағының  хатшысы  (1988  -  92)  қызметтерін  атқарған.  1992  жылдан  шығарм. 
жұмыста,  "Аманай  мен  Заманай"  романы  (1987)  бойынша  "3аманай"  атты  көркем  фильмі 
түсірілді. Ж-тің "Ажар мен ажал" (1967), "Тұтқындар" (1972), "Жаралы гүлдер" (1973), "Қызым, 
саған айтам" (1973),  "Қос  анар"  (1974),  "Әр  үйдің  еркесі"  (1975),  "Қысылғаннан қыз болдық" 
(1976), "Кроссворд" (1981), "Елім-ай", "Сабалақ Абылай", "Сәукеле", т.б. пьесалары респ. және 
обл. театрлар сахналарында қойылған. Ж. - әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғаған 
жүзге  жуық  зерттеулер  мен  сын  мақалалардың  авторы.  Л.Толстойдың,  П.Федоровтың, 
В.Кочетовтың, С.Цвейгтің шығармаларын, О.Гончардың "Перекоп", "Көк адыр" романдарын 
т.б.  қазақ  тіліне  аударған.  Көптеген  шығармалары  шет  ел  тілдеріне  аударылған.  Қазақстан 
Мемл. сыйл. иегері(1986).  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   624   625   626   627   628   629   630   631   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет