Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет639/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   677
ЖЫРАУЛЫҚ  ПОЭЗИЯ  -  15-18  ғ-лардағы  қазақтың  халық  поэзиясы.  Біздің  дәуірімізге, 
негізінен, ауызша жетті. 15 ғ-дың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая 
бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Ж. п. қазіргі 
Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі 
дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. 
Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, о дүние мен 
бұ  дүние  жайлы  сан-салалы  ойлар  тоғысқан  философиялық  туындылар  Ж.  п-ның  терең 
дүниетанымдық сипатын аңғартады. Ж. п-ның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа 
даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған жыраулар жаңа әдебиеттің 
ізашарлары  ғана  емес,  көне  мұраны  жалғастырушылар  деп  те  саналады.  Асан  қайғы  туралы 
аңыздар  ноғай,  қырғыз,  қарақалпақ  халықтарында  да  сақталған.  Асан  Қайғы  -  көптеген  нақыл 
сөздердің, филос. толғаулардың  авторы.  Ол  өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің 
қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Сахара эпосын тудырушылардың бірі, ірі эпик 
ақын,  ерлік  жырларын  шығарушы  жорық  жырауы  әрі  нәзік  лирик  болған  Қазтуғанның  (15  ғ.) 
біздің  дәуірімізге  жеткен  жырлары  табиғат  аясындағы  көшпендінің  болмыс,  тіршілік,  өзін 
қоршаған  орта  туралы  түсінігін  бейнелейді.  Қазтуғанның  ұлттық  бояуы  қанық,  афоризмдерге, 
көркем  түстерге  бай  толғаулары  туған  әдебиетіміздің  таңдаулы  үлгілері  қатарына  жатады.  Ж. 
п-ның  дамып,  өркендеуіне  Доспамбет  пен  Шалкиіз  шығармалары  айрықша  әсер  етті.  Жорық 
жыршысы  болған  Доспамбет  жырау  (1523  ж.ө.)  шығармаларынан  ортағасырлық  жауынгер 
көшпендінің  ер  тұлғасы,  ерлік  кейпі  көрінеді.  Доспамбет  толғаулары  19  ғ-дың  80-жылдарынан 
бастап баспа бетін көре бастады. Ж. п-ның ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465 
-1560). Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875ж. хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланыпты. Жырау 
мұралары ерте жиналуына байланысты бүгінгі күндерге бірсыдырғы толық жетгі. Жиембет жырау 
(17 ғ.) мен Марғасқа    жыраудың (17 ғ.) өмір жолы Есім хан тұсындағы тарихи оқиғаларға тікелей 
қатысты.  Жорық  жыршысы  Марғасқа  жырау  Есім  ханның  бір  орталыққа  бағынған  күшті 
мемлекет құру туралы идеяларының ұраншысы атанса, Жиембет жырау ханға қарсы араздығын 
бүкпесіз, бұлтармасыз жеткізді. Жиембет жыраудың толғаулары ең алғаш 1908 ж. "Жақсы үгіт" 
кітабында  жарияланса,  Марғасқа  толғаулары  кеңес  заманында  зерттеліп,  баспа  бетін  көрді. 
18ғ-да  Ж.  п.  тақырыптық  жағынан  кеңейіп,  идеялық-көркемдік  тұрғыдан  байи  түседі.  Жоңғар 
шапқыншылығы  және  "Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама"  жылдары,  қырғын  соғыстар  мен 
жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер - ел өміріндегі елеулі оқиғалардың 
барлығы да жыраулар шығарм-ғында өзінің көркемдік шешімін тапты. Жоңғар басқыншылығына 
қарсы күрес сарыны, әсіресе, Ақтамберді жырау (1675 - 1768) шығармаларынан айқын көрінеді. 
Оның  шығарм-ғындағы  отаншылдық,  патриоттық  сарындар  18  ғ-дағы  қазақ  поэзиясының 
бет-бейнесі,  бағыт-бағдарын  айқын  танытады.  Осы  кезеңде  өмір  сүрген  Үмбетей  жырау(1706- 
1778)  мұрасындағы  жетекші  тақырып  -  сырт  жауларға  қарсы  күресте  көзге  түскен,  ел  қорғаны 
болған батырларды мадақтау. 18 ғ-дағы Ж. п-ның көрнекті өкілдерінің бірі - Тәтіқара жырау. Ол 
көне  заман  батырлары,  олардың  ел  қорғаудағы  ерлік  істері  туралы,  отаншылдық  идеяны 
насихаттайтын жорық жырларын туғызған. Ақгамберді, Үмбетей, Тәтіқара шығармалары кейінгі 
жылдары ел аузынан жазып алынып, бірнеше жинақтарға енді. 18 ғ-дағы қазақ әдебиетінің ең 
көрнекті өкілі - Бұқар жырау (1668 - 1781). Ол жырау ғана емес, қабырғалы би де болған. Ол қоғам 
өміріне  белсене  араласып,  ісімен  де,  жырымен  де  Абылай  хан  саясатын  мейлінше  қолдайды. 
Бұқар  жырау  шығармалары  ғақлия  толғаныстар,  нақыл  афоризмдер  түрінде  келеді.  Оның 
туындыларының өлең өлшемі өте күрделі. Бұқар жырау шығармалары ең алғаш "Таң" журналында 
(1925) жарияланғанымен, ғыл. түрде жүйеленіп зерттелуі 20 ғ-дың 60-жылдарының үлесіне тиеді. 
18  ғ-дағы  халық  поэзиясының  танымал  өкілдері  -  Көтеш  (1745  -  1819).  Көтеш 


шығармаларындағы  негізгі  сарын  -  кедейлік  тақсіретін  жыр  ету,  тағдырдың  әділетсіздігіне 
наразылық.  Ал  Шал  ақынның  біздің  заманымызға  жеткен  мұрасы  тақырып  жағынан  алғанда 
біршама  бай.  Бұлар  -  дін,  этика,  мораль  мәселелері,  байлық  пен  кедейлік  жайлы 
филос.-дидактикалық  үлгідегі  туындылар,  тұрмыстық  өлендер  мен  арнау  жырлар.Екі  ақын 
шығарм-ғынан  да  әлеум.  әуен  айқын  сезіледі.  Ж.  п.  деген  ортақ  тақырыпқа  біріктірілген  15  - 
18ғ-лардағы қазақ поэзиясы көне дәстүрді қайта түлетіп, жаңа тақырып, соны мазмұнмен дамытты. 
Осы  тұста  өмір  сүрген  және  әдеби  мұралары  бүгінгі  күндерге  там-тұмдап  болса  да  жеткен 
жыраулар шығарм-ғы сол заманның тұтас бір шежіресін құрастырады. Олар да ел өміріндегі елеулі 
оқиғалар,  қоғамның  ащы  шындығы,  халықтың  әдет-ғұрып,  салт-санасы  бейнелі  тілмен  келісті 
көрініс тапқан. Бұл кезеңде төл әдебиетіміздегі үлттық дәстүр дамып, халық поэзиясы сапалы жаңа 
биіктерге көтерілді.   
 
ЖЫРШЫ  - жыр айтушы, таратушы. Ж-лар жырды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, 
мақаммен, әнмен айтады, сондай-ақ, эпик. шығармаларды да орындайды. Олар бұрыннан белгілі 
халық  дастандарын,  поэмаларды  айтып  таратады.  Кейбір  Ж-лар  өз  жанынан  өлең-жыр  да 
шығарады.  Ж-ны  халық  ақынмен,  әншімен,  шешенмен  қатар  қойып  қадірлеген.  Қазақта  Айса 
Байтабынов,  Мұрын  Сеңгірбаев,  Нұрпейіс  Байғанин  -  нағыз  жүйрік,  танымал  Ж-лар.  Ж.  кейде 
белгілі бір әдеби шығарманы дастанға айналдырып жырлайды. Бұл - кейінгі кезде пайда болған 
дәстүр.  Мыс.,  А.С.  Пушкиннің  "Евгений  Онегин"  романын  қазақ  ақындары,  Ж-лары  халық 
тіршілігіне  бейімдеп  жырлап,  жаңа  нұсқалар  тудырған  (Ә.Найманбаев,  т.б.).  Эпикалық 
туындыларды көп білгендіктен Ж-лардың кейбірі "жырау" деп те аталған (Марабай, Мергенбай, 
Базар, т.б.). Қазақ эпосының сақталып, өркендеуі үшін    Ж-лар зор еңбек сіңірді. Ауыз әдебиетінің 
көптеген үлгілері солардың арқасында заманамыздың игі мұрасына айналды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   635   636   637   638   639   640   641   642   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет