Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет647/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   643   644   645   646   647   648   649   650   ...   677
"ЗИЯДА-ШАҺМҰРАТ"  араб  аңыздарының  сюжеті  негізінде  жазылған  қисса-дастан. 
Авторы - Жақып Байжігітұлы 1912 ж. Қазанда басылған. Дастанда Мысыр патшасы Заданың 
Шаһмұрат  атты  жалғыз  ұлы,  Хорлы,  Ғайын  деген  екі  қызының  бастан  кешкен  хикаясы 
баяндалады.  Патша  "қыздарым  кімді  сүйсе  соған  барсын"  -  деп  құда  түсуге  келген  хан  мен 
бекзадаларды  қайтарып  отырған.  Бірде  Хорлы  түсінде  Бағдад  патшасының  баласы  Зиядаға 
ғашық  болып  ауырады.  Мұны  сезген  әкесі  Зияданы  іздеуге  Шаһмұратты  Бағдадқа  жібереді. 
Бағдадқа  келген  Шаһмұрат  Зияданың  да  түсінде  Хорлыға  ғашық  болып,  сүйгенін  іздеп 
кеткенін біледі де, сапарын ары қарай жалғастырады. Ақыры көп михнат шегіп, перінің қызы 
Нұржамалдың  көмегімен  Зияданы  тауып,  қарындасы  Хорлыға  қосады,  өзі  Нұржамалға 
үйленеді. Сөйтіп бәрі де мұратына жетеді. "3. - Ш." дастаны авторының басқа да шығармасы 
болуы мүмкін. Ол Қазан баспасының иесіне жазған ескертпе өлеңінде 1884 ж. "Қожа  қапан", 
"Таһир",  "Нұрғұзарын"  атты  үш  дастан  жібергенін  айтады.  Олардың  жарық  көргені  туралы 
нақты дерек жоқ. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   643   644   645   646   647   648   649   650   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет