Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет663/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   659   660   661   662   663   664   665   666   ...   677
ИМАНБЕКОВ  Тұтқабай  (2.1.1937,  Оңт.  Қазақстан  обл.  Түлкібас  ауд.  -19.2.1995.  Алматы)  - 
ақын, жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1960). "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде әдеби 
қызметкер,  бөлім  меңгерушісі  (1960  -  67),  "Жазушы"  баспасында  аға  редактор  (1967  -  77), 
ҚазҰУ-да аға оқытушы (1977 - 79), "Ара-Шмель" сатиралық журналында жауапты хатшы (1979 
- 83), " Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі (1983 - 95). жауапты хатшы (1985 жылдан) 
қызметтерін  атқарған.  Алғашқы  өлеңдері  "Лениншіл  жас"  (қазіргі  "Жас  Алаш")  газетінде, 
"Жырға сапар" (1958), "Жас дәурен" (1961) топтама жыр-жинақтарында, алғашқы әңгімелері " 
Пионер"  журналында  жарияланған.  Орыс  жазушылары  С.С.  Баруздиннің  "Бірінші  апрель  - 
көктемнің бір күні". АТайдар "Тимур және оның командасы". Х.Меляевтің, т.б. повестерін, чех 
жазушысы М.Майерованың "Кішкентай Робинзон" шығармасын, адыгей халқының ертегілерін 
"Нарттар"  деген  атпен  қазақ  тіліне  аударған.  Француз  ақыны  П.Ж.  Беранженің  өлеңдерін, 
Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабын қазақ тіліне аударған. И-тің өлеңдері башқұрт, 
"Жетім  қыран"  повесі  украин  тілінде  жарық  көрген.  "Араша"  поэмасы  "Жалын"  баспасы 
ұйымдастырған жабық бәйгесінің үшінші сыйл. иемденді. Жазушының "Соғыс деген ойыншық 
емес" атты хикаясы бойынша "Қазақфильм" студиясы қысқа метражды фильм түсірген.. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   659   660   661   662   663   664   665   666   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет