ИМАНБАЕВ Зейнел-Ғаби (2.1.19-24. Солт. Қазақстан обл. Сергеев ауд. Ортақкөл а. - 1987) -
жазушы. Алғашқы өлеңі Солт. Қазақстан обл. "Ленин туы" газетінде (1940), тұңғыш әңгімесі -
"Қанатты өмір" "Әдебиет және искусство" журналында (1953) жарияланған. "19-41 - 45 ж.
2-дүниежүз. соғысындағы ерлік еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
ИМАНБАЕВ Мұқатай (15.9.19-27жт„ Алматы обл. Сарқан ауд. Антоновка а.) - жазушы.
ҚазҰПУ-ды бітірген (1956). 1948-78 ж. Талдықорған обл. мектебінде мұғалім, оқу ісінің
меңгерушісі, директор, 1978- 88 ж. обл.. қалалық оқу бөлімінің нұсқаушысы болған. Алғашқы
повесі "Сен енді оқушысың" 1964 ж. жарық көрген. "Жолдар" (1969), "Сұлулар",
"Жас-өспірімдер", "Бұрылыс" (1974), "Құлағымда өксу" (1974), "Жеткіншектер" (1977),
"Бетбұрыс" (1980), "Айтылмаған сөз", т.б. кітаптары жарық көрген.