Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон


АБАЙДЫҢ  ЖИДЕБАЙДАҒЫ  МҰРАЖАЙ  ҮЙІ



Pdf көрінісі
бет3/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   677
АБАЙДЫҢ  ЖИДЕБАЙДАҒЫ  МҰРАЖАЙ  ҮЙІ  Абайдың  өмірі  мен  шығармашылық 
жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Семей қ-нан 180 км, Қарауыл а-нан 25 км 
қашықтықта орналасқан. 1945 ж. ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуы қарсаңында арнаулы 
мемл. комиссия шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы А. Ж. м. ү-не айналды. Мұражайдың 
бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары 
мен  замандастарынан  алынған.  Үйдің  құрылымы,  сыртқы  пішіні  Абай  заманындағы 
көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол - 
терезесі  шығысқа  қараған  кең  бөлме.  Оң  жақ  босағада  асадал  мен  күміс,  мыс  жалатылып 
сүйектен  жасалған  кішкене  кебеже.  1885  ж.  Абай  осы  екі  бұйымды  Семейдің  өлкетану 
мұражайына  өз  қолымен  өткізген.  Көп  заттардың  ішінен  қабырғадағы  түс  киіз  ерекше  көз 
тартады. Қонақ бөлмеде Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, С.С. Гросс, Н.И. Долгополов 


пен  П.Лобанскийлердің  суреттері  бар.  Олардың  Абай  ауылында  болғанын  айғақтайтын 
құжаттармен қатар Абайдың Семейдегі өлкетану мұражайына өткізген көптеген заттарының 
суреттері  қойылған.  Мұнда  күміс  құты,  кесе,  айбалта,  шақша  сияқты  бұйымдар  бар.  Абай 
заманынан  бүгінгі  күнге  жеткен  ең  құнды  заттың  бірі  -  1885  ж.  П.Лобанский  қарандашпен 
салған  Абай  суреті.  Үйдің  төргі  бөлмесінде  ақынның  өзі  отырған.  Онда  кітап  оқып,  жазу 
жазып,  жұмыс  істеген.  Осы  бөлмеге  Ділдәның  сүйек  төсегі  қойылған.  Төсек  тұсына  ұлы 
ақынның  ұлдары  Әбдірахман  мен  Мағауияның  суреттері  ілінген.  Абайдың  үш  ішекті 
домбырасы да осында. Дөңгелек үстел үстіне қойылған шыны қорапшаның ішіндегі Абайдың 
күміс  қалта  сағаты,  қолжазбаларының  көшірмесі,  құс  қанатынан  жасалған  қаламсабы  мен 
сиясауыты ақын өмір сүрген ортаны көзге елестетеді. Ауызғы бөлме ортасында, дөңгелек үстел 
үстінде, сыртында күмістен бедер салынған үлкен ағаш тегене мен бұғы мүйізінен жасалған 
қымыз  ожау,  бірнеше  тегене  мен  тостағандар  тұр.  Бұл  -  Абай  үйінің  мүліктері.  Оң  жақтағы 
сүйек  төсек  -  Әйгерімдікі.  Абайдың  нәресте  кезіндегі  заттары  да  сақталған.  Оң  босағада 
Абайдың  үш  ауызды  және  шиті  мылтықтары  ілулі  тұр.  Үш  ауызды  мылтықты  Семейдің 
әскери  бастығы  сыйға  тартқан.  Дәліз  бойымен  ілгері  жүргенде  түкпірдегі  бөлменің  оң 
жағында  тұрған  сүйек  төсек  -  Еркежандікі.  Бөлмедегі  өзге  заттардың  барлығы  -  Абайдың 
соңғы  кездегі  өмірінің  куәсі.  Мұражай  үй  шошаласының  температурасы  жазы,  қысы 
бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет