Мүрсейіт Бікеұлының бірнеше қолжазбасы негізінде жүзеге асты. Әуезовтің басшылығымен
және тікелей қатысуымен 1957 ж. "Ғылым" баспасынан жарық көрген Абай шығармаларының
екі томдық жинағы А. ғылымында елеулі табыс болды. Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан
алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғыл. өмірбаянын жазып шықты. 1940 - 60 ж.
Абай өмірі мен шығарм-ғын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белестерге
көтерілді.
С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Қ.Мұхамедханов, М.Силъченко, Ы.Дүйсенбаев,
Б.Ерзакович, ММырзахметов, Ғ.Есімов, Ж.Ысмағұлов, Р.Сыздықова, Т.Әлімқұлов, А.Нұрқатов,
3.Қабдолов, Т.Қожакеев, Ғ.Есім, Ғ.Мұқанов сияқты ғалымдар А. ғылымына өз үлестерін қосты.
1970 ж. Абайдың туғанына 125 жыл толуына орай шығармаларының жинағын шет тілдерде
кітап етіп бастыру ісі жандана түсті. Орыс тілінде ақын шығармалары 1940 жылдан бері он бес
рет жеке кітап болып басылды. 1945 - 60 ж. Абай шығармалары жеке жинақ болып Ташкентте
өзбек тілінде, Қазанда татар тілінде, Ашғабатта түрікмен тілінде, Бішкекте қырғыз тілінде,
Улан-Баторда моңғол тілінде, Пекинде қытай тілінде, Прагада чех тілінде басылып шықты.
1970 ж. Киевте украин тілінде, Ереванда армян тілінде,
Минскіде белорус тілінде, Кишиневте
молдован тілінде, Ригада латыш тілінде жарық көрді. 1970 ж. Мәскеуде "Прогресс"
баспасында араб, ағылшын тілдерінде Абай шығармаларының жинағы басылды. Абайдың
150 жылдық мерекесі қарсаңында жарық көрген ондаған іргелі зерттеулер А-дың ғыл.-теор.
деңгейі бұрынғыдан да биіктей түскенін айқын танытты. 1995 ж. жарық көрген "Абай"
энциклопедиясында Ұлы ақынның өмірі мен шығарм. жолына қатысты қыруар деректер,
құнды ой-пікірлер
жинақталып, жүйеге келтірілді. Абай шығармаларының ғыл. толық жинағы
басылып шықты. Абай шығармаларын жариялау, зерттеу ісіне шет елдерде айрықша мән
берілді. Қытайда проф. Қабайдың "Абай және Абай шығармашылығы" (Пекин, 1987 ж.) атты
еңбегі, кейінірек Су Чжоусюннің зерттеу еңбегі мен Абайдың қара сөздерінің аудармалары
жарияланды. Чех ғалымы П.Гржебичек Абайдың ақындық жолын арнайы зерттеді. 1995 ж. ұлы
ақынның 150 жылдық мерейтойы барысында шет елдердің көптеген әдебиетшілері, қоғам
қайраткерлері Абай шығармалары жайлы мақалалар, баяндамалар жасады. Парижде, Стамбұлда,
Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Киевте, Минскіде, Вильнюсте, Ташкентте, Бішкекте, Қазанда ұлы
ақынға арналған салтанатты мәжілістер мен ғыл. конференциялар өткізілді. Абай шығармалары
Түркияда, Пәкстанда, Иранда, Қытайда басылды, француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге
аударылды.
Достарыңызбен бөлісу: