Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет105/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   677
АРНАУ СӨЗ - әдеби шығарманың ішінде стильдік тәсіл ретінде кездесетін авторлық монолог. А. 
с. кейіпкерлерге, оқырманға, табиғат құбылысына, т.б. қарай айтылады. Мыс., Ж.Аймауытовтың 
"Ақбілек" романындағы: "Сорлы Ақбілек! Сен жыламай кім жыласын? Тас емшегін жібіткен, тар 
құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айрылдың. Келешектегі бақытты өміріңнің кіжіндей көріп, 
сары майдай сақтаған алтын қазынаңнан айырылдың. Ар-ұятың төгілді, адамшылығың жойылды. 
Жас нәуетек жүрегің соқпай жатып өрт болды. Жаңа шыққан жауқазын піспей жатып жоқ болды. 
Шам-шырақтай жас жаның жанбай жатып шоқ болды. Есіл ерке балалық - аяққа құйған астайын 
шолтаң  етті  -  тоқталды.  Жыла,  жасың  бұла.  Жасыңмен  қайғың  жуылсын.  Жасыңнан  теңіз 
жиылсын.  Теңізді  дауыл  толқынтсын.  Құтырсын  толқын,  тулатсын.  Зарлатқан  сені  мұндарлар 
тұншықсын  -  суы  да  улансын.  Қатын  -  қызы  тұл  қалып,  сендей  болып  шуласын".  Ақбілекке 
қаратып айтылған осы А. с. түріндегі автордың лирикалық толғанысы, оның өз кейіпкеріне жаны 
ашығандай,  оған  ниеттестік  білдіргендей,  оның  қайғысына  ортақтасқандай  өзі  баяндап  отырған 
оқиғаға тікелей араласып кетуі нақгы түрде берілсе де, ешбір оғаш көрінбейді, қайта әсерлі болып 
шыққан.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет