Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет102/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   677
АРБАУ ӨЛЕҢ - Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының бір түрі. А. ө-нің табиғаты аса 
күрделі әрі синкретті. Ол әдет-ғұрыппен, бимен, музыкамен, ырым, наныммен, мифологиялық 
түсінікпен  тығыз  байланыста  туған.  А.  ө-дер  әр  түрлі  себептермен  айтылады.  Бірде 
адамдардың еңбегіне: мал өсіміне, егін жайына, аңшылық кәсібіне байланысты айтылса, тағы 
бірде  қаскөй  жамандық  атаулыны  аластау,  я  дауыл  тұрғызып,  бұлт  шақыру  мақсатымен 
орындалады. Мыс., жылан шаққанда айтылатын А. ө. мынадай: "Кер, кер, кер жылан, Кереге 
басты мер жылан, Бір жылан бар - сұр жылан, Бір жылан бар - сұм жылан, Бір жылан бар - 
жеті  жылғы  ту  жылан.  Құралай  таудың  басынан,  Қуып  келген  қу  жылан,  Пайғамбардың 
демінен,  Дегелек  келді,  шық  жылдам!".  Мағынасы  беймәлім,  естілуі  оғаш,  жат  сөздер 
құрастырылып, ұйқастырылып, үркіту, бұйыра сөйлеу, зеку басым  жатыр. Сондай-ақ, арбау, 
жалбарыну, өтіну өлеңдері күн жайлату, бұлт пен жауын шақыру, дауыл мен құйынды үйден 
аулақтату  мақсатымен  де  орындалады.  Сайып  келгенде,  А.  ө.  бағзы  заман  адамдарының 
жаратылысқа  көзқарасын,  ой-өрісін,  сезім  әлемін,  дүниетанымын  аңғартады.  Әлемдік 
поэзияның өсу, өркендеу, кемелдену жолында көне халық жырлары оған белгілі бір мөлшерде 
эстет. сипат, көркемдік нақыш қосады. Әсіресе, А. ө-нің сөздік - образдық кестесін, эмоциялық 
байлығьш,  экспрессивтік  қуатын,  мифтік,  магиялық  және  символдық  мәнін  ерекше  бағалау 
қажет. 
 
АРҒЫНБАЙ  Жұманжанұлы  (1929.  Моңғолия,  Баян-Өлгий  аймағы,  Толбоа.  -  1993. 
Павлодаробл.,  Баянауыл  ауд.)-ақын,  драматург.  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1954).  Баян-Өлгий 
аймағындағы "Шұғыла" әдеби журналының тұңғыш редакторы болған (1955). А-дың "Біздің 
өлкеде", "Меңдікөл", "Адам туралы аңыз",  "Тақпақтар", т.б. өлеңдер жинағы,  "Бірлестіктер", 
"Сандуғаш",  "Ертіс  шындығы"  пъесалары,  "Шайқас  алдында",  "Домбыра  сазы"  атты 
киносценарийлері  бар.  А.  моңғол  жазушылары  Д.Намдаг,  Л.Дүдэв  шығармаларын  қазақ 
тіліне  аударды.  Ақынның  төл  шығармалары  моңғол,  орыс,  болғар,  алтай  тілдерінде  жарық 
көрді. Баян-Өлгий аймағындағы ұлттық мектептерге арналған ондаған оқулықтардың авторы. 
Моңғолияның  "Еңбек  Қызыл  Ту",  "Алтын  Жұлдыз"  ордендерімен  марапатталған.  Моңғолия 
Жазушылар одағының сыйл. иегері (1978).   
 
АРҒЫНБЕК  Апашбайұлы  (1883.  Шығ.  Қазақстан  обл.  Зайсан  ауд.  Ақарал  а.  -  1946.  ҚХР, 
Шыңжаң  өлкесі.  Алтай  аймағы)  -  ақын.  Алғашқы  "Жыл  өлеңін"  (мүшел  туралы)  1894  ж. 
шығарған. "Бұл күнде жағдай өзгеше"," Қазақ Сырдан ау-анда","Атажұртым - қазағым", "Ресей 
туралы",  "Араб  халқының  сипаты",  "Ата  мекен  -  Алтай",  "Қалам  алып  Арғынбек"  деген 
тараулардан тұратын 16 мың жолдық өлеңмен жазылған романы бар. "Абақ", "Жігіт сол" т.б. 
көптеген  толғаулары  сақталған.  "Жер  -  адамның  анасы"  деген  толғауында  ата  мекенінен 
айрылған адамның сағынышы, шашырап кеткен қазақ халқының қасіреті әсерлі баяндалады. 
Шығыс  ақындары  үлгісімен  көптеген  діни  дастандар  ("Мұхаммед  мүғжизалары",  "Мәуліт 
жыры",  "Жанды  жаратылыс")  шығарған.  Оның  бірқатар  туындылары  Орт.  ғыл.  кітапхана 
қорында сақтаулы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет