еліктеп жазған "Осы күнгі бозбаланың қылып жүрген жұмыстары" деп аталады. Қазан қ-нда
баспаға дайындағанда оған "Хикаят Үфі" деген ат береді. Көп уақыт Мәшһүр Жүсіп Көпеевпен
шығарм. пікірталасына түсіп, ой алмастырып отырған. "Дала уәлаяты" газетінің бетіндегі бұл
пікірталаста ел қамын, жастар болашағын ойлаған пікірлері мол.
АРУЗ - орта ғасырлардағы түркі
классикалық поэзиясындағы созылыңқы және қысқа буындардың белгілі заңдылықпен
кезектесуіне негізделген өлең өлшемі. Түркі әдебиетіне 11 ғ-да енген. Іле-шала А. кең таралып.
ежелгі түркі өлеңінің
бармақ өлшемін ығыстырып шығарды. Шығыс. түркі әдебиетінің ірі
тұлғалары Саади, Хафиз,
Әлішер Науаи, Мақтымқұлұлы,
Жүсіп Баласагұни, Бабыр, Луфти, т.б. А.
өлшемімен жазды. Басрадан шыққан әйгілі ғалым Халил ибн Ахмед А-ды нақтылы жүйеге салып,
оның негізгі 15 түрін ашты. Кейін оған 4 түрі қосылды. Түркі тілдес халықгар поэзиясында А-дың
рамал. хазаж, мутақариб деген түрлері жиі қолданылады. Бертін келе бармақ өлең өлшемі
түркі тілдес халықгар поэзиясынан қайтадан орын алды.
Достарыңызбен бөлісу: