Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет132/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   677
АХМЕТ  ИШАН  Оразайұлы  (1861.  бұрынғы  Ақмешіт  уезі.  Сырдария  ауд.  Зіңкерет  а.  -  1927. 
Телікөл  өз-нің  бойы)  -  "Қазақ"  газеті  демеушілерінің  бірі.  Бұхардағы  діни  медресені  бітірген. 
А.Байтұрсынов, М.Дулатовтармен хабарласып, "Қазақ" газетін шығаруға қаражат жағынан қолдау 
көрсетіп отырған. Газет бетінде казақ мекгептерінің оқулығына бәйге жариялап, отырықшы өмірдің 
артықшылығы туралы мақалалар жазған ("Қазақ", 1913. №6). 
АХМЕТОВ  Әбдікәрім (15.6.1924, Қызылорда обл. Қармақшы ауд. -14.12.1983. Алматы) - ақын. 
Харьков  әскери-мед.  уч-щесін  (1946),  Лепсі  пед.  техникумын  (1948)  бітірген.  1951  -  56  ж. 
"Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде әдеби қызметкер. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі 
"Егемен  Қазақстан")  газетінде  жауапты  хатшының  орынбасары.  Қазақ  мемл.  көркем  әдебиет 
баспасында (Қазіргі "Жазушы") аға редактор, 1959 - 63 ж. Қазақстан Жазушылар одағының Семей 
облысаралық бөлімшесінде хатшы, 1963  - 66  ж. Қазақтелевизиясында,    Қазақстан Жазушылар 


одағында әдеби қызметкер, 1966 - 71 ж. Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемл. 
к-тте  бөлім  бастығы.  1971  -  82  ж.  "Жазушы"  баспасында  аға  редактор  қызметтерін  атқарған. 
Тұңғыш жыр жинағы "Өлеңдер" 1953 ж. жарық көрген. "Халықбек" (1954), "Екінші дәптер" (1955), 
"Нан  туралы  сөз"  (1957),  "Өшпеген  жалын"  (1959),  "Телефон"  (1961),  "Толқындағы  өмір"  (1962), 
"Салқын  самал"  (1966),  "Көктөбе"  (1969),  "Ашықаспан"  (1971),  "Жерұйық"  (1973),  Тырау-тырау 
тырналар  (1974),  "Маржандария"  (1976),  "Жапырақ  жарған  шақ"  (1979),  "Кеш  жарық"  (1981), 
"Көзайым" (1982), "Зейнет" (1984), "Антенна над юртой" (1970), "Ауыл моей любимой" (1978), 
т.б.  жыр  жинақтарының  авторы.  Поляк  ақыны  Г.Зелинскийдің  " Қазақ" поэмасын (1964), корей 
ақыны Те Га Ченнің бірнеше поэмаларын, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет