АХМЕТЖАНТалаптан Зейнолдаұлы (16.12.1961 ж.т.. Шығ. Қазақстан обл. Күршім ауд.
Теректібұлақ а.) -жазушы. Өскемен құрылыс-жол ин-тын бітірген (1985). 1985- 87 ж. Өскемен
қ-ндағы темірбетон з-тында смена мастері, 1987 - 90 ж. Шығ. Қазақстан обл. телерадио к-тінде
редактор, 1990 - 93 ж. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгеруші, 1993-96 ж. ҚР Баспасөз және
бұқаралық ақпарат мин-нде бас маман, 1996 - 2002 ж. "Парасат" журналы бас редакторының
орынбасары қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы
төрағасының орынбасары. "Тұма" (1995), "Сұлу мен суретші" (1997), "О дүниенің қонағы" (2001),
"Мұң" (2003) прозалық шығармалар жинақтары жарық көрді. "Қараторғай" "Екі жүрек"
пьесаларының авторы. Қазақстан Жастар одағы сыйл. (1996), халықар. "Алаш" әдеби сыйл. (2002)
лауреаты.