АХМЕТБЕКОВТЫҢ МҰРАЖАЙЫ -Қостанай обл. Жангелдин ауд. Торғай а-ндағы халық
ақыны Н.Ахметбековтің мұражай үйі. 1983 ж. қазанда ашылған. Мұражайдың 1-бөлмесінде
ақынның өмір жолы мен шығарм-ғына арналған экспонаттар: жазушылық билеті, әр кездері
жарық көрген кітаптары, қолжазбалары, газет-журналдарда шыққан өлеңдері қойылған.
Стендтерде ақын шығарм-н насихаттаушылардың суреттері беріліп, есімдері жазылған. Олардың
арасында жыраулар С.Әбіқаев, Н.Алпысов, т.б. бар. Ақын атындағы көше көріністерінен суреттер
берілген. 2-бөлмеде ақынның көзі тірісінде пайдаланылған жеке мүліктері мен киім-кешектері, үй
жиһаздары жинақталған.