ӘБДІРАШИТНәбиұлы Байболатов (4.6.1929 ж.т., ҚХР, Іле аймағы, Тоғызтарау ауд. Ақтөбе а.) -
ақын, жазушы. Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі. 1975 - 82 ж. Шыңжаңдағы "Шұғыла"
журналының, 1982 ж. "Мұра" журналының бас редакторы болды. Алғашқы өлеңі 1948 ж.
жарияланған. "Өмір қайығында" жыр жинағы (1983, Пекин), "Қос емен" повестер жинағы (1987.
Пекин), "Тау қыраны" романы (1990. Үрімжі) жарық көрген. Қытайда жарық көрген "Қазақтың
ғашықтық жырларының" (3 т.), "Қазақ қиссаларының" (12 т.). "Қазақ шежіресінің" (1 т.), "Қазақ
шешендері мен шешендік сөздерінің" (2 т.). " Байырғы қазақ айтыстарының" (1 т.)
құрастырушысы.