Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет161/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   677
ӘБЕТОВ  Ғали  Темірболатұлы  (7.2.1922.  Солт.  Қазақстан  обл.  Совет  ауд.,  Қарағайлы  а.  - 
18.2.1976. Алматы) -ғалым. филол, ғыл. кандидаты (1960). ҚазҰПУ-ды бітірген (1942). Тіл және 
әдебиет ин-тында. 1945 - 1961 ж. кіші ғыл. қызметкер. 1961 - 76 ж. Әдебиет және өнер ин-тында аға 
ғыл. қызметкер болып жұмыс істеген.. 
ӘБЗЕЙІТ  Мәлікұлы. Абдолзейім (1898. Алматы обл. Іле ауд. Жетіген а. - 1971.сонда) - ақын, 
жыршы, діндар. "Ер Әжібай" атты жинағы жарық көрген (1997). "Рысқұл", "Тұрар", "Масанчи" 
сияқты дастандары Орт. ғыл. кітапхананың сирек қолжазбалар қорында сақтаулы.   


ӘБУБӘКІР Боранқұлұлы. Кердері Әбубәкір (1861. Бат. Қазақстан өңірі. Теректі мекені - 1903. 
Ақтөбе обл. Алға ауд. Жабасай қорымы) - ақын. Ә. шығармалары қазан төңкерісіне дейін "Әдебиет 
қазақия"  деген  атпен  екі  дүркін  жарияланған  (1902.  1905).  Өлең,  толғаулары  ел  арасына  кең 
тараған.  Онда  заман,  адам,  дін,  өнер,  ғылым,  әдет-ғұрып,  имандылық,  жақсы  мінез  туралы 
тебіренеді.  Ә-дің  қара-қалпақ  ақындары  Құлымбетпен,  әлім  Қожахметпен,  ноғай  Нұрыммен 
айтыстары  бар.  Ақынның  "Кердері  Әбубәкір  шежіресі",  "Алты  алаш  шежіресі"  аталатын 
жыр-шежірелерінің де танымдық мәні зор. Ә. өлең толғаулары" Үш ғасыр жырлайды" (1965), "Бес 
ғасыр жырлайды" (1985. 1989) жинақтарыңда жарияланған. "Қазағым" аталатын жеке жыр жинағы 
1993 жылы жарық көрген.  
"ӘБУҒАЛИСИНА" - шығыс аңыздарының желісіне құрылған дастан. Бас кейіпкері - аш-Шейх 
ар-Раис Абд әл-Хұсайын ибн Абдаллах ибн Сина (980 - 1037). Дастанның Қазан төңкерісіне дейін 
кітап болып басылған нұсқалары: "Әбуғалисина қиссасы" (1981 ж. Қазанда басылған. Шығарушы 
Қ.Насыри.  татар  тілінде,  көлемі  116  бет.);  "Әбуғалисина"  (1886  ж.  Қазанда  қазақ  тілінде 
Ж.Елшібайұлы  бастырған.  көлемі  56-бет);  "Қисса-и  Абулхарис"  (1893  ж.  К.Шаһмарданұлы 
Қазанда 16 бет көлемде араб әрпінде бастырған); Қисса-и Халвафауруш (1898 ж. Қазанда "Сұлу 
жігіт  туралы"  деген  атпен  басылған);  Ганжғина-и  хик-мет  Әбуғалисина"  (1901,  1903  ж. 
С.Шарафуддинұлы  115 бет көлеммен  Қазанда  араб  әрпінде  қара  сөзбен бастырып шығарған). 
Сол  сияқты  "Ә"  дастанының  мынадай  қолжазба  нүұсқалары  да  бар:  "Ганжғи-на-и  хикмет 
Әбуғалисина"  (1940  ж.  Х.Байысов  тапсырған.  Араб  әрпінде.  көлемі  56  бет);  "Әбуғалисина 
-Әбілхарис"  (А.Әмірүлы  1936  ж.араб  әрпінде  жазып  тапсырған);  "Әбуға-лисина"  (көлемі  68  бет. 
жинаушылар  Ж.  мен  А.Шорманұлынан.  1895  ж.  Ғ.Мұсабаев  алып  тапсырған);  "Әбу-ғалисин,. 
Әбілхарис"  (Қ.Баймағанбетов  нұсқасы).  Жырлаған  Қ.Баймағамбетов  (1895  -  1973)  "Әбуғалисина, 
Әбілхарис" дастаны көптомдық "қазақ халық әдебиеті" сериясының "Дастандар" кітабының 2-томына 
енген.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет