ӘБУБӘКІР Боранқұлұлы. Кердері Әбубәкір (1861. Бат. Қазақстан өңірі. Теректі мекені - 1903.
Ақтөбе обл. Алға ауд. Жабасай қорымы) - ақын. Ә. шығармалары қазан төңкерісіне дейін "Әдебиет
қазақия" деген атпен екі дүркін жарияланған (1902. 1905). Өлең, толғаулары ел арасына кең
тараған. Онда заман, адам, дін, өнер, ғылым, әдет-ғұрып, имандылық, жақсы мінез туралы
тебіренеді. Ә-дің қара-қалпақ ақындары Құлымбетпен, әлім Қожахметпен, ноғай Нұрыммен
айтыстары бар. Ақынның "Кердері Әбубәкір шежіресі", "Алты алаш шежіресі" аталатын
жыр-шежірелерінің де танымдық мәні зор. Ә. өлең толғаулары" Үш ғасыр жырлайды" (1965), "Бес
ғасыр жырлайды" (1985. 1989) жинақтарыңда жарияланған. "Қазағым" аталатын жеке жыр жинағы
1993 жылы жарық көрген.
"ӘБУҒАЛИСИНА" - шығыс аңыздарының желісіне құрылған дастан. Бас кейіпкері - аш-Шейх
ар-Раис Абд әл-Хұсайын ибн Абдаллах ибн Сина (980 - 1037). Дастанның Қазан төңкерісіне дейін
кітап болып басылған нұсқалары: "Әбуғалисина қиссасы" (1981 ж. Қазанда басылған. Шығарушы
Қ.Насыри. татар тілінде, көлемі 116 бет.); "Әбуғалисина" (1886 ж. Қазанда қазақ тілінде
Ж.Елшібайұлы бастырған. көлемі 56-бет); "Қисса-и Абулхарис" (1893 ж. К.Шаһмарданұлы
Қазанда 16 бет көлемде араб әрпінде бастырған); Қисса-и Халвафауруш (1898 ж. Қазанда "Сұлу
жігіт туралы" деген атпен басылған); Ганжғина-и хик-мет Әбуғалисина" (1901, 1903 ж.
С.Шарафуддинұлы 115 бет көлеммен Қазанда араб әрпінде қара сөзбен бастырып шығарған).
Сол сияқты "Ә" дастанының мынадай қолжазба нүұсқалары да бар: "Ганжғи-на-и хикмет
Әбуғалисина" (1940 ж. Х.Байысов тапсырған. Араб әрпінде. көлемі 56 бет); "Әбуғалисина
-Әбілхарис" (А.Әмірүлы 1936 ж.араб әрпінде жазып тапсырған); "Әбуға-лисина" (көлемі 68 бет.
жинаушылар Ж. мен А.Шорманұлынан. 1895 ж. Ғ.Мұсабаев алып тапсырған); "Әбу-ғалисин,.
Әбілхарис" (Қ.Баймағанбетов нұсқасы). Жырлаған Қ.Баймағамбетов (1895 - 1973) "Әбуғалисина,
Әбілхарис" дастаны көптомдық "қазақ халық әдебиеті" сериясының "Дастандар" кітабының 2-томына
енген.
Достарыңызбен бөлісу: