Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет20/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   677
АБЫЛАНОВ  Сыдық  (1894.  Жамбыл  обл.  Байзақ  ауд.  Кеңес  а.  -  1938.  Шымкент  қ.)  -  қоғам 
қайраткері, журналист, драматург, Т.Рысқұлов ұйымдастырған Қырғыз (қазақ) жастарының рев. 
одағының  белсенді  мүшесі  болды.  Әулиеата  уезінің  алғашқы  оқу  халық  комиссары  қызметін 
атқарды. 1923 - 24 ж. оқу коммунасын басқарды. 1924 - 38 ж, Ташкентте, Қарақалпақстанда, Ақтөбе 
мен Петропавлда, Қызылордада партия және оқу-ағарту саласында басшы қызметтер атқарды. 
1933  -  38  ж.  Респ.  радио  к-ті  төрағасының  орынбасары  болды.  Оның  "1916  жыл'',  "Екіталай'', 
"Күндеспейтін  қатын",  т.б.  пьесалары  бойынша  қойылған  спектакльдері  (реж.  Ж.Шанин) 
Қызылордада  ашылған  Қазақ  драма  театрының  репертуарын  жаңа  шығармалармен 
толықгырды. 1938 ж. саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.   
 
АБЫЛҚАСЫМОВ  Болатжан  Шайзадаұлы  (8.4.1950  ж.т..  Шығ.  Қазақстан  обл.  Үржар  ауд. 
Қабанбай а.) - ғалым. филол. ғыл. докт. (1994, проф. (1996). ҚазҰУ-ды бітірген (1973). 1973 - 92 
ж. Әдебиет және өнер ин-тында аға лаборант, кіші ғыл. қызметкер, ғалым-хатшы. 1992 -2000 Қазақ 
мемл. қыздар пед. ин-тының деканы қызметтерін атқарған.  2000  жылдан  Қазақ  мемл.  қыздар 
пед.  ин-тында  кафедра  меңгерушісі.  "Жамбыл  және  халық  поэзиясы"  (1975),  "Қазақ  тарихи 
жырларының  мәселелері"  (1979),  "Фольклор  шындығы"  (1989),  "Қазақ  фольклорының 
тарихилығы" (1993), "XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті" (1994), "Әдебиет терминдерінің 
сөздігі" (1996), "Әдебиеттану" (1998), "Қазақстан Ұлттық энциклопедия" (1999), "Қазақ әдебиеті 
(энциклопедия)"  (2000),  "Қазақ  әдебиеті  мен  өнерінің  мәселелері"  (2001),  "Айтыс:  бүгіні  мен 
болашағы"  (2003).  т.б.  ұжымдық  еңбектердің  авторларының  бірі  "Әсет  Найманбаев"  (1988) 
кітабының құрастырушысы. 
 
АВАНГАРДИЗМ  (франц.  avantqardisme  -  алғы  шептегілер)  -  қалыптасқан  қағидалар  мен 
дәстүрден,  тіпті  шынайы  өмір  шындығынан  да  алшақтай  отырып,  көркем  өнер  мен  әдебиетті 
жаңғыртпақ болған өнер адамдарын топтастырған ағым. А. негізінен Батыс Еуропада пайда болып, 
20 ғ-дың 10 - 20-жылдары өнер  мен  әдебиетте  толық қалыптасты.  А. көрінісі әлем әдебиетінде 
И.Р.Бехер,  П.Элюар,  Н.Хикмет,  В.В.Маяковский,  В.Незвал,  т.б.  шығармаларынан  анық 
байқалады.   
АВТОНИМ (грек. autos - өзі, нағыз және onyma - есім) - бүркеншік атпен жазатын автордың шын 
аты-жөні.  Мыс.  Стендальдың  нағыз  есімі  -  Анри  Мари  Бейль.  Қазақ  әдебиетінде  де  оқырман 
қауымға өзінің нағыз аты-жөні емес, бүркеншік есімімен танылған жазушылар да бар. Мыс. Әкім 
Таразидың нағыз есімі - Әкім Үртайұлы Әшімов.   
АВТОР  (лат.  auctor  -  жаратушы,  негізін  қалаушы)  -  көркем  шығарманы,    ғылыми 
публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнер табысты жазған,    жасаған 
адам. 
АВТОР БЕЙНЕСІ - әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы. Әр жанрдағы 
шығармаларда А. б. әр түрлі дәрежеде, әр қырынан аңғарылады. Эпикалық шығармаларда автор 
негізінен  алғанда  оқиғаны  баяндаушы  болады.  Ал  драмалық  шығармада  автор  оқиғаның  даму 


барысынан  мүлде  сырт  тұрады.  Поэзиялық  шығармаларда  автор,  негізінен,  лирикалық  тұлға 
ретінде  танылады.  Лирикада  ақынның  ішкі  сыры,  сезімі,  толғанысы  яғни  жеке  авторлық 
тәжірибесі  басқа  жанрларға  қарағанда  айқын,  анық  бедерленеді.  Өмір  шындығын  оқырман 
лирикалық  тұлға  позициясындағы  автордың  көзімен  қарап,  танып  біледі.  Лирикалық  кейіпкер 
автордың  өлеңмен  жазылған  тікелей  өз  көшірмесі  емес,  жинақтала  келіп,  белгілі  бір  нақтылы 
сипатты иеленген көркем бейне болып шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет