Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет277/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   677
БАҚНИЯЗОВ Изим (12.6.1929. Алматы обл. Ұйғыр ауд. Үлкен дихана. - 1990. Алматы) - 
ақын. Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тін бітірген (1955). Өзбекстан КП ОК  жанындағы 
бірлескен баспаның ұйғыр бөлімінде редактор (1955-56), 1956 жылдан "Коммунизм туғи" 
газетінде  әдеби  қызметкер,  бөлім  меңгерушісі,  Қазақстан  Жазушылар  одағында  әдеби 
кеңесші, "Жазушы" баспасында редактор болып істеген.   
 
БАҚҚАРАЕВ  Кәдірхан  Жұматайұлы  (1.9.1935  ж.  т„  Жамбыл  обл.  Талас  ауд.  Ақкөл  а.)  - 
журналист,  жазушы.  Қазақ  мемл.  ун-тін  (казіргі  ҚазҰУ)  (1962).  Алматы  жоғары  партия 
мектебін (1966) бітірген. 1956 - 60 ж. Жамбыл обл. Талас ауд. Пионерлер үйінің директоры. 


ауд. сот хатшысы, ауд. білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі. 1960 жылдан 
баспасөзде, қаламгерлік жұмыспен айналысады. Жамбыл обл. Та-лас, Сарысу ауданаралық 
"Ленин жолы" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1960 - 64), Жамбыл обл. "Еңбек 
туы" (қазіргі "Ақ жол") газеті редакциясында бөлім меңгерушісі (1966 - 70), Шу ауд. "Шу өңірі - 
Чуйская  долина"  газетінің  редакторы  (1970  -  74),  "Еңбек  туы"  газетінің  бөлім  меңгерушісі, 
меншікті  тілшісі  (1974  -  91),  Халықар.  "Қазақ  тілі"  қоғамы  Жамбыл  обл.  филиалының 
жауапты  хатшысы, төрағаның орынбасары  және қоғамның "Әулиеата" газетінің редакторы 
(1992 - 94), Жамбыл обл. қоғамдық-экол. "Табиғат аясы" газетінің редакторы (1994 - 96). 1996 
жылдан  Халықар.  "Қазақ  тілі"  қоғамы  Жамбыл  обл.  филиалының  төрағасы,  Әзіл-сықақ, 
сатиралық  жанрдағы  әңгімелері  респ.  және  обл.  баспасөзде  жарияланған.  3  көркем  шығарма 
жинақтарының авторы. 
 
БАҚСЫ  ("шағатай"  тілінде  бақшы  )  -  тәуіптік,  балгерлік,  сәуегейлік,  көріпкелдік, 
сиқыршылық, т.б. ерекше қасиеттері бар адам. Әйел Б-ны халық "елті" деп атаған. Б-ларға тән 
айрықша  қасиеттердің  бірі  -  емшілік  (тәуіпшілік).  Шығу  тарихы  отқа  табыну  және 
шамандықпен  тығыз  байланысты  психологиялық  емдеу  тәсілдерін  әр  елдің  Б-лары  сол 
халықтың  өзіне  тән  ерекше  әдістер  арқылы қолданған. Мыс..  қазақ  Б-лары  қобызда  ойнап, 
зарлы  не  қаһарлы  үн,  әуендер  шығару  (қ.  Бақсы  сарыны),  түсініксіз  жыр  жырлау,  "жынын 
шақырып"  зікір  салу  немесе  гипноздық,  жонглерлік,  т.б.  "керемет"  көрініс,  әрекеттер  жасау 
арқылы жүйке жүйелеріне әсер ете емдейді. Әрине, бұл іс әркімнің қолынан келе бермейді. Ол 
үшін үлкен табиғи дарын, қасиет керек. Б-лар емшілікпен қатар балгерлікпен де шұғылданған. 
Олардың келешекті болжайтынына, адамның тағдырын шешіп, оның ойын сезіп тұратынына, 
өткен  өмірін  де  ашық  айтып  бере  алатынына,  табиғи  құбылыстар  тудыра  алатынына, 
жын-шайтандарды  қуатынына  халықтың  белгілі  бір  бөліктері  бұрын  да,  кейін  де  сенді.  5 
ғ-дағы ғұн патшасы Еділдің айналасында көптеген даңқты Б-лар болған. Олар әрбір күрделі 
оқиғаларды  күні  бүрын  болжап,  патшаға  жеткізіп  отырады  екен.  451  жылғы  Каталаун 
шайқасының  тағдырын  Б-лар  құмалақ  ашып, бірнеше күн бұрын  айтып берген. Болжам дәл 
келген.  Түркі  халықтары  Б-лары  бас  киімді,  көбінесе,  Америка  құрлығындағы  үндістердің 
көсемдері  киетін  "тымаққа"  ұқсас  етіп,  құс  қауырсындарынан  қалап  жасайды.  "Жындармен" 
күрескен кезде Б-лардың киімдері сауыт ретінде түрлі тылсымдық рөл атқарады. Қазақ халқы 
түсінігінде ең атақты Б.  - бағаналы Қойлыбай  болған.  Ол - барлығының пірі, қорғаушысы. 
Онан соң бағаналы Балақай Б., Жанақ Б.. Көкшетау даласында Шөмен Б., т.б. болған. Қазақ 
даласына мұсылман діні ене бастағаннан  кейін ел  өмірінде Б-лардың алатын  орны  мен  рөлі 
төмендеді. Б-лық туралы кейбір мәліметтер П.С. Паллас, П.Рычковтың жазбаларында (18ғ.), 
бурят  ғалымы  Д.Банзаровтың  (1823  -  55),  қазақ  ғалымы  Ш.Уәлихановтың,  ағылшын 
философы Т.Карлейльдің (1795 - 1881) еңбектерінде кездеседі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет