саны 1958 ж. шілдеде жарық көрген. Айына бір рет шығады. Көлемі 1.5 б.т. Журнал бетінде
қазақ халқының тарихына қатысты шағын ақпараттар, балалардың ой-өрісін кеңейтетін, тілін
ұстартып, сөздік қорын байытатын өлең-тақпақтар, ертегі-аңыздар, жаңыжпаштар мен жұмбақтар
түрақты жарияланып келеді.
БАЛҚЫБЕК Әмірхан (19.5.1969 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Жетісай ауд.) - ақын. ҚазҰУ-ды
бітірген (1995). 1989 - 90 ж. Шардара ауд. "Өскен өңір" газетінде тілші. 1995 -2000 ж. "Парасат"
журналында, "Жас Алаш", "Ана тілі" газеттерінде тілші, 2000 - 2004 ж. "Қазақ әдебиеті" газетінде
бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір "Жас қазақ" газетінде бөлім редакторы. Өлең
топтамалары "Ауылдан ұшқан аққулар", "Толқыннан толқын туады", "Жас ақындар поэзиясының
антологиясы" ұжымдық жинақтарына енген. "Метаморфоза" (1996), "Сынған сәуленің
шағылысуы" (2001) жыр жинақтарының авторы. 1997, 1998 жылдардағы ҚР Президенті
стипендиясының иегері.
БАЛЛАДА (лат. ballo. прованс, balada - билеймін, нем. ballade, франц. ballade, итал. ballata - би
әні), әдебиетте - поэзияның шағын сюжетті лирикалық жанры. Б. жанр ретінде орта ғасырларда Бат.
Еуропа өнерінде қалыптасты. Алғашында роман шоғырына жататын тілде сөйлейтін
халықтарының сюжетті әндерін Б. деп атаған. Әдебиеттегі 12 - 13 ғ-лардағы трубадурлар мен
труверлердің дәстүрлі халық өлеңдері мен әндеріне негізделген шығармалардан бастау алады.
13-15 ғ-ларда Францияда полифониялық рефренді әндер (Гильом де Машо). Англияда эпик.
тынысты, лирикалық нәзік үнді халықтық Б-лар (Робин Гуд туралы) бұл жанрдың қалыптасуына
негіз болды. Б-да көңіл-күйі толғанысымен қатар, ақын сезімін туғызған себептер суреттеледі.
Б-ның мазмұны көбіне тарихи шындыққа, оқшау фантастикаға, ерлік әрекетке құрылады. Қазақ
әдебиетіне Б. жанрын С.Ерубаев ("Үш шахтер туралы баллада", "Меруерт алқа", т.б.
әкелсе, Қ.Жармағамбетов оны дамытып қалыптастырды ("Бидай туралы баллада", "Мұғалима",
"Күзетші", "Кекті бала", т.б.). Жармағамбетовтың Б-лары "Адам туралы аңыз" (1951), "Мұғалима
туралы баллада" (1957), "Балладалар" (1962), т.б. жинақ болып жарық көрді. Сондай-ақ, қазақ
ақындары Ә.Тәжібаевтың, Ә.Сәрсенбаевтың, Ж.Нәжімеденовтің, М.Мақатаевтың, К.Мырза
Әлінің, М.Шахановтың жекелеген шығармалары Б. үлгісінде жазылған.
БАЛТА Бұқарбекұлы (т.ө.ж.б.. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд.) -19 ғ-да өмір сүрген айтыс
ақыны. Шөжемен айтысы ел арасына кең таралған. Б-ның Шөжемен айтысы алғаш С.Сейфуллин
құрастырған "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" кітабына (1931) енді. Кейін "Ақын жырлары"
(1958), "Айтыс" (1964. 1 т.) жинақтарына басылды.
БАЛТАБАСОВ Түмен (1894. Маңғышлақ обл. Маңғыстау ауд. Бозащы түбегі - 1967. сонда) -
ақын. "Анау біздің Алматы" ("Пернедегі термелер", 1965). "Советтік алтын заманым", "Қазақстан",
"Жеңіс жыры", "Маңғыстау", "Біздің сайлау", "Өнерпаз өрендеріме", "Сәтгі ақынға" тәрізді
өлеңдері бар.
Достарыңызбен бөлісу: